Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жергілікті мазмұнды дамыту мен сатып алу мәселелері бойынша Ақтөбе қаласына жұмыс сапары

17.06.2014

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өкілдері тауар, жұмыс және қызмет көрсетушіқазақстандық өндірушілермен көшпелі кеңес өткізу жоспар-кестесіне сәйкес сатып алу және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері бойынша 2014 жылдың 12-13 маусым аралығында жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына барып қайтты.

ҚМГ ұйымдастырған сапардың мақсаты Ақтөбе облысының кәсіпорындарымен ынтымақтастықты өрістете отырып, негізгі өндіріс көздерін мұнай-газ өндіру құралғыларымен, техникамен және отандық өнімдермен қамтамасыз ету болып табылады.

Жұмыс сапары шеңберінде өткізілген жиын барысында «ҚазМұнайГаз» тобының тауарларды, жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алудың үстіміздегі жылға арналған жоспары жұрт назарына ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар ұлттық компанияның жергілікті мазмұнды дамыту саласындағы қызметі мен компанияның ағымдағытауар, жұмыс және қызметті сатып алу ережелерімен таныс болды. Одан басқа, келешегі кемел жаңа өндіріс орындарын ұйымдастыру мен бизнестің күрделі мәселелері талқыға салынды. Жиынға «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар мен Ақтөбе облысының кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Шығарылатын өнім түрімен танысу мақсатында ҚМГ өкілдері бірнеше ірі мұнай-газ құрылғыларын өндіруші кәсіпорындармен, оның ішінде «Ақтөбе мұнай құрал-жабдықтары зауыты» АҚ, «Ақпан» ЖШС-мен танысып шықты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚМГ компаниялар тобының жақын уақыттағы және орта мерзімді болашақтағы мұнай-газ құрылғысы мен техникасына қажеттілігі туралы машина жасайтын кәсіпорындарды ақпараттық қамтамасыз етуді, сонымен қатар Ақтөбе облысындағы зауыттарда алдағы уақытта бірлесіп өнім өндіруді ұйымдастыруды көздейтін келісім жасалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>