Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Equinor бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды

24.09.2019

2019 жылдың 24 қыркүйегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Equinor ASA (бұдан әрі – Equinor) компаниясының барлау бойынша аға вице-президенті Торе Лоземен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан мен Норвегияның мұнай-газ саласындағы серіктестігінің маңызын атап өтті және келешекте ықтимал жер қойнауын пайдалану жөнінде келісімшартқа отыру мақсатында Қазақстан Республикасы аумағындағы кейбір мұнай-газ учаскелерінде бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынта білдірді. Соған орай, қос компания арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік аясында бірлескен зерттеулер жұмыстарын жүргізу туралы Келісімге қол қойылды.

Құжатқа ҚМГ Аппарат басшысы – Даму жөніндегі басқарушы директор Дастан Абдулғафаров және Equinor барлау бойынша аға вице-президенті Торе Лозе қол қойды. Келісім Қазақстан Республикасы аумағында мұнай-газ учаскелерінің көмірсутекті әлеуетін бағалау мақсатында геологиялық және геофизикалық іздестіру жұмыстарын жүргізуді көздейді.

«Келісім келешекте өзара тиімді серіктестіктің негізі болады деп сенеміз. Қос компания да Қазақстанда барлау және өндіру келісімшарттары бойынша Equinor-дың стратегиялық серіктес ретінде қатысуын қарастыруға дайын», - деді А. Айдарбаев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>