Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында сатып алудағы жергілікті үлес 78% құрады

13.09.2019

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Машина құрастырушылар форумында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) Сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры Есен Қайржан мәлімдеді. Аталған көрсеткіш еліміздің мұнай-газ саласындағы орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Сатып алуда жергілікті үлесті арттыруға ҚМГ компаниялар тобындағы бизнес-үрдістерді жетілдіру бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын сатып алу қызметін санаттық басқару жүйесін енгізу септігін тигізді.

«Сатып алу стратегияларының аясында тауар мен қызмет көрсетуге деген ҚМГ тобындағы бірнеше ұйымның қажеттілігін біріктіретін санаттық менеджмент өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде осындай стратегиялар дайындалатын тауар, жұмыс және қызметтің 67 түрінен тұратын тізім айқындалды. Қазіргі уақытта оның 16 сәтті жүзеге асырылуда, ал тағы 17 сатып алу стратегиясы дайындалу үстінде», - деді Е. Қайржан.

Форумда «Өндіру мен бұрғылауға арналған құбырлар» атты санаттық сатып алу стратегиясы мысал ретінде келтірілді. Оның аясында ҚМГ отандық «KSP Steel» ЖШС және «Каскор-Машзавод» ЖШС компанияларымен сорапты-компрессорлық құбырларды жеткізіп беру туралы жалпы сомасы 40 млрд теңгеден асатын ұзақ мерзімді келісімшарттарға отырды. Мұнайды өндіруге қажетті сорапты-компрессорлық құбырлар, тереңдік сораптарға арналған бағаналар және трансформаторларды ҚМГ өткен жылы да толығымен отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілерден сатып алған болатын.

Айта кетейік, отандық өндірушілермен әріптестік «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Жаңа өндірістерді дамыту және қолдау мақсатында импорт алмастыру жөнінде жергілікті кеңсе құрылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>