Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Исатай» геологиялық барлау жобасы мен «Судоверфь» жобасын жүзеге асыру туралы келісім

12.06.2014

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев пенENI компаниясының Бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци«Исатай» жобасы мен «Судоверфь» жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды.

Қол қойылған құжатқа сәйкес қос компания да «Исатай»  мен «Судоверфь» жобаларын жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады. 

«Исатай» жобасы бойынша ҚМГ және ENI Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігіндегі аттас блокта геологиялық барлау жүргізуге келісті. Тараптар бірлескен операциялық компания барлау жұмыстарын жүргізетінін анықтады, ҚМГ және ENIҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен жер қойнауын пайдалану құқығын иелену мақсатындағы тиісті жұмыстарға кірісті.Екі компания да  «Исатай» жобасын жүзеге асыру табысты болатынына және ҚМГ мен ENI геологиялық барлау қорытындысы бойынша коммерциялық табылым туралы хабарлай алатындығына сенімді.

Сондай-ақ келісім Маңғыстау облысының Каспий жағалауындағы Құрық поселкесінде кеме жасау/кеме жөндеу заводының құрылысы жобасын («Судоверфь») жүзеге асыруды қарастырады. Қол қойылған келісімге сәйкес завод құрылысын қаржыландыруды ҚМГ және ENIқамтамасыз ететін болады, олар басқару үшін бірлескен жобалық компания құрады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>