Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Тоталь ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

30.07.2019

 2019 жылғы 30 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ), Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және «Тоталь Э энд П Қазақстан» компаниясы мұнай-газ кешенінде цифрландыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Лё Мэрдің Қазақстан Республикасына сапары аясында қол қойылды.

Құжатқа сәйкес тараптар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және мұнай-газ индустриясында цифрландыруды дамытудың бұдан кейінгі барысын іске асыруда мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға жәрдемдесуге ниеттенді.

Ынтымақтастық шеңберінде цифрландыру мәселелері бойынша кеңес беру, «Тоталь» компаниясының тәжірибесін негізге ала отырып, цифрландыру жобаларын іске асыру, деректерді басқару ісін жақсарту, кадр дайындау мен олардың біліктілігін арттыруда қолдау көрсету, білім беру бастамаларын ілгерілету және т.б. іс-шаралар жоспарлануда.

«Тоталь әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының алғашқы ондығына кіреді. Сондықтан оның мұнай-газ саласын цифрландыру және озық технологияларды қолдау мәселелеріндегі тәжірибесі Қазақстанға операциялық қызметтің тиімділігін арттыру және мұнай-газ активтерінің көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында жұмысты жүргізудің үздік үлгілерін үйренуге мүмкіндік береді. Меморандум екі компанияның арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, оның ауқымын едәуір кеңейте түседі», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>