Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысындағы Біріктірілген газ-химия кешені құрылысының (I фаза - полипропилен өндірісі) барысымен танысты

19.07.2019

2019 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен бірге Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешені құрылысының (I фаза-полипропилен өндірісі) барысымен танысты.

Делегация «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кешеннің құрылыс алаңдарын аралап шықты.

БГХК құрамына (I фаза – полипропилен өндірісі) полимер өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшы «Lummus Technology» компаниясы лицензия беретін технология бойынша пропанды дегидрирлеу (PDH), пропиленді полимерлеу (PP) технологиялық қондырғыларын және 32 ірі инфрақұрылым нысанын салу кіреді. Жобаның мақсаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру болып табылады.

Жоба 2018 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарылуына берілгеннен кейін белсенді іске асырыла бастады – қарқыны артып, құрылыс кестесі оңтайландырылды, Қазақстан Республикасында ірі жобаларға қатысу тәжірибесі бар мамандар жұмылдырылды.

ҚМГ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Тиесовтің баяндамасында PDH пропанын дегидрирлеу, PP пропиленін полимерлеу қондырғыларын және жалпы зауыттық шаруашылықты салуға арналған алаңдарда жұмыстар жүріп жатқандығы атап өтілді. Құрылыс алаңына 36 қосалқы мердігерлік, оның ішінде 33 қазақстандық компания тартылды. Бүгінгі күні жобаға 1512 адам жұмылдырылған, оның ішінде шетелдік жұмыс күші 193 адам, оның 112-і инженерлік-техникалық қызметкерлер болып жұмыс істейді. Бас мердігер мен қосалқы мердігерлерге арналған дала кеңсесі, тапсырыс берушінің уақытша кеңсесі мен 2 960 орындық уақытша кенттің, 3 асхананың, қазандықтың, медициналық кабинеттің құрылысы аяқталды. Металл құрылымдары мен құбыржол тораптарын құрастыру, сырлау цехтары салынды. Жоба құрылысының жалпы 35%-ы орындалды. Жобалау бөлігінде жетістік 58%-ды құрайды. Зауыттың бас жоспары әзірленді және бекітілді. Жұмыс өндірісіне 3 489 сызба берілді, 3D-моделі дайындығының 60%-ын қарастыру аяқталды. 3D-моделінің 90% дайындығын қарау басталды.

 Жабдықтарды жеткізу жұмыстарының 40%-ы орындалды: қазірдің өзінде ұзақ мерзім бойы дайындалатын жабдыққа тапсырыс беру аяқталды - бұл жабдықтың 123 бірлігі. Тапсырыстың басым бөлігі Еуропада орналастырылды. Ең ірі бағанға – пропан мен пропилен сплиттеріне тапсырыс – «АтырауМұнайМаш» зауытына берілді. Бүгінгі таңда бұл Қазақстанда жасап шығарылатын ең ірі жабдық – оның аналогы тіпті мұнай өңдеу зауыттарында да жоқ. Негізгі жабдыққа тапсырыстарды орналастыру жұмыстары 91%-ға орындалды, қосалқы жабдыққа тапсырыстар орналастыру жалғасуда. 2019 жылы негізгі және қосалқы жабдықтардың барлық позицияларына тапсырыстар орналастыруды аяқтау жоспарлануда. Логистикалық қызмет көрсетуге Қашаған және Теңіз жобаларына ірі көлемді жабдықты жеткізу тәжірибесі бар қазақстандық компания тартылды. Құрылыс алаңында уақытша сақтау қоймасы дайындалды, оған кедендік тазартудан өту үшін жабдықтар мен материалдар жеткізіледі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен 22%-ы орындалды. 18 186 дана көлемінде қағылатын қадаларды орнату аяқталды (100%); бұрғылау-тығыздау қадаларын орнату аяқталды - 347 данасы қағылды (100%); бетон жұмыстары жүргізілуде, 68 880 м3-тың ішінен 57 986 (84%) орындалды. Бүгінгі таңда барлық 89 құрылыс титулы жұмыспен қамтылды. «Нөлдік» цикл бойынша жұмыстар аяқталды, «нөлдік» белгіден жоғары тұрған құрылымдарды орнату кезеңі басталды.

Бұдан басқа, жоба аясында көлік инфрақұрылымының құрылысы (РТИ) жүргізілуде. Теміржол қатынас жолдарының жалпы ұзындығы - 11,6 км, автомобиль жолдары - 4 км. Жер қазу жұмыстары және темір жол салу жүргізілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>