Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

21.05.2014

2014 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қаражанбаскенішіне кірігіп жатқан теңіз учаскесінде барлау жүргізу мәселелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен «CITIC Group» корпорациясы арасында өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл жұмыс екі жақтың қатысуымен жүргізілетін болады. Аталмыш учаскедегі геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру  «CITIC Group»  есебінен жоспарланып отыр.

Сондай-ақ меморандум шартына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Қаражанбасмұнай» АҚ кенішті игеру келісімшартын ұзарту және Ақтау қаласындағы битум заводының шикізаттық базасын қамтамасыз ету мақсатында  Қаражанбас кенішінің таулы тармағын арттырумәселелері бойынша жәрдем көрсететін болады.

Меморандумға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен  «CITIC Group» Директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэньмин қол қойды. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «CITIC»  «Қаражанбасмұнай» АҚ-ының 50%- 50%  үлеспен акционерлері болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>