Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қызылорда облысында  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің көшпелі отырысы өтті

02.07.2019

Маусымның 30-ы күні Қызылорда облысына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері жұмыс сапарымен келді. Сапар мақсаты «Қазгермұнай» БК» ЖШС кәсіпшілігінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің көшпелі отырысын өткізу болды. Кен орнына барғандар: Уолтон Кристофер Джон – «ҚМГ» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор, Уайт Стивен Джеймс – «ҚМГ» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Дайер Филип Джон – «ҚМГ» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Энтони Эспина – «ҚМГ» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, Нұрсейітов Абат Ақмұқанұлы – ҚМГ Мұнай және газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры (техникалық директор), Қайыржан Есен – ҚМГ  Сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры, Найзабеков Бекмұрат Толбайұлы – ҚМГ Маркетинг және өткізу жөніндегі басқарушы директоры, Шәріпов Дамир Валерьевич – ҚМГ Корпоративтік хатшысы.

«Ақшабұлақ» кен орнында Директорлар кеңесінің мүшелері бірқатар объектілерді аралады: Мұнай айдауды дайындау цехы, Газ дайындау және тасымалдау цехы, жұмыс істеп тұрған ұңғымалар, вахталық кент.

Директорлар кеңесінің көшпелі отырысы бағдарламасының соңында делегация «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметінің 2018 жылғы және 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындыларымен танысты, сондай-ақ Компанияның «Цифрлық кен орны» жобасының жүзеге асырылуын талқылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>