Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» міндеті – өндіріс қауіпсіздігін 100%-ға жеткізу

01.07.2019

2019 жылғы 1 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында «Нөлдік көрсеткішке жету – басты міндетіміз» тақырыбымен жыл сайынғы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) бас директорларының V форумы өтті. Шара «ҚазМұна    йГаз» компаниялары тобында еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласының ағымдағы хал-ахуалын бағалау және қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру мақсатымен өткізіліп отыр.  

Форум жұмысына ҚМГ мен  еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылары, бірқатар қазақстандық және шетел компанияларының өкілдері қатысты. Компанияның міндеттері мен проблемалық мәселелерін талқылау үшін алғаш рет мердігерлік ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Форумның қатысушыларын құттықтаған ҚМГ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев барлық қызметкерлердің ойлау мәдениетін өзгертіп, оларды еңбек, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жұмылдыру керектігіне назар аударды. Бұдан басқа, компанияның серіктестері мен мердігерлерінің басты мақсаты нөлдік көрсеткіштерге жету болуы тиіс. Осы жылы олардың еңбек пен қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтауына ерекше бақылау орнату жоспарланып отыр.   

 «Осы жылы біз мердігерлік ұйымдарда еңбек пен қоршаған ортаны қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз етудің бағдарламасын іске қостық. Себебі олар өндірістік міндеттерімізді іске асыру ісінде маңызды рөл атқарады. Өзара тығыз байланыс жағдайды барынша жақсартуға мүмкіндік береді. «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының және мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлері үйлеріне жұмыстан аман-есен оралуы үшін біз бар күш-жігерімізді салып, еңбек ететін боламыз», - деді А. Айдарбаев.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша соңғы 4 жыл ішінде компанияда 2018 жыл ең үздік болғанын атап өту қажет. Бұл ретте компания басшылығы келесі кездесуде жағдайды жақсарту мәселесін емес, нөлдік көрсеткіштерге жетуге кедергі келтірген себептерді талқылауды міндеттеді.   

Сондай-ақ жиында компания қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту және су ресурстарын басқару, еңбек қауіпсіздігі мен апаттардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелері бойынша мекемелердің бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін күшейту сияқты өзекті мәселелер көтерілді.   

Өндірістік қызметте, өндірістік жарақат алу мен қоршаған ортаға залал келтіруде нөлдік көрсеткішке жету мақсатымен компания Қазақстанда алғаш рет қауіпсіздік мәселелеріне арналған SPE Каспий симпозиумын өткізуге бастамашылық жасады. Аталған шара осы жылдың қыркүйек айында KAZENERGY форумы шеңберінде өтетін болады.  

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>