Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз еншілес компанияларының 500-ден астам қызметкері су тасқынымен күреске жұмылды

08.04.2024

ҚазМұнайГаз басшылығы су тасқынына қарсы іс-қимылға жұмылу және халыққа көмек көрсету мәселелері бойынша еншілес ұйымдарымен кезекті жиын өткізді. ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев зардап шеккен өңірлерге техникалық және гуманитарлық көмекті жалғастыруды тапсырды.

«ҚМГ су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесе белсенді жұмыс атқарып жатыр. Әлеуметтік жауапты компания ретінде зардап шеккен өңірлердегі отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету — міндетіміз. Арнайы техника, жанар-жағармай және қаржылай көмекпен қатар, еңбек ұжымдары жергілікті жерлерде жағалауды бекітіп, бөгеттер тұрғызуда», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Бүгінгі таңда су тасқынына қарсы іс-шараларға «ҚазМұнайГаз» тобының 500-ден астам қызметкері жұмылдырылды, өндірістік кәсіпорындар 160 автокөлік, арнайы техника мен жабдықтар бөлді. Сондай-ақ 80 тонна дизель мен 22 тонна бензин жіберді.

Су тасқынына қарсы күреске және тұрғындарды әлеуметтік қолдауға Атырау облысында «ҚазТрансОйл» АҚ, «Ембімұнайгаз» (ЕМГ), «АМӨЗ» ЖШС және «KPI Inc.», Ақтөбе «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» (ҚТМ) және «Өріктау Оперейтинг», Маңғыстауда «Өзенмұнайгаз» (ӨМГ), «Маңғыстаумұнайгаз» (ММГ), «Қаражанбасмұнай» (ҚБМ), ҚазГӨЗ, KMG EP-Catering, Caspi Bitum және басқалары, өзге өңірлерден «Урал Ойл энд Газ» ЖШС, ПМХЗ, «Қазгермұнай» БК» (ҚММ) және «ҚМГ-Аэро» компаниялары  жұмылдырылды.

Атап айтқанда, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында төтенше жағдаймен күреске ӨМГ екі ауысымда жұмыс істейтін жүргізушілер мен қажетті көлік, арнайы техника (тралл, тиегіш көліктер, самосвал, автоцистерна және т.б.) жіберді.

ЕМГ-де кен орындарында су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша және жағдайды тұрақты бақылап отыратын жедел штаб құрылды, сондай-ақ облыс пен аудандардың жедел штабтарымен бірлескен жұмысты жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, компанияда Құлсары қаласына көмекке қызметкерлерден қосымша бригадалар құрылды.

Атырау облыстық штабы ЕМГ-ге Алмалы (Махамбет ауданы) ауылының маңында ұзындығы 5 км учаске бөліп берді, компания биіктігі 2 метр қорғаныс бөгетін салуға кірісті.

ЕМГ жас мамандар кеңесінің бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетілді. Ембілік жастар қаражат жинап, көрші Ақтөбе облысына дәрі-дәрмек, көрпе, азық-түлік және басқа да қажетті тұрмыстық заттар жіберді.

«Қазақойл Ақтөбе» арнайы техника мен жанар-жағармай алуға қаражат бөліп, қаржылық көмек жинаумен қатар, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тоқсыз қалған Қожасай ауылын өз электр желісіне қосты.  

Сондай-ақ Байғанин, Ырғыз ауданы мен Абай ауылының тұрғындарын қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін «Қазақтүрікмұнай» компаниясы жер талғамайтын 3 автобус бөліп, құтқарушыларды дизельмен және бензинмен қамтамасыз етті. ЖШС қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауға тікелей қатысты. Компания Боранкөл ауылына эвакуацияланған Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсетіп, оларды тұрмыстық керек-жарақтармен қамтамасыз етті.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жиналып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>