Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Жаңаөзен қаласының 10 жасар тұрғынына қайырымдылық көмек көрсетті

30.05.2019

Маңғыстау облысына жұмыс сапары шеңберінде ҚМГ басқарма төрағасы А.Айдарбаев атынан Ақтау және Шетпе қалаларында ораза ұстаушыларға дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Сондай-ақ ҚМГ басшысының шешімі бойынша 2017 жылдың 25 қарашасында Жаңаөзен-Теңге теміржол өткелінде тепловоз бен «Газель» маркалы жол көлігінің қақтығысуы кезінде апатта зардап шеккен 10 жасар қыз  Динара Тынымбаеваға материалдық көмек көрсетілді. «Газель» көлігінде 36 адам болған еді, оның 9-ы қайтыс болып, қалғаны түрлі деңгейдегі жарақат алған. Жаңаөзен қаласының негізгі кәсіпорны болып табылатын «Өзенмұнайгаз» АҚ дер кезінде материалдық көмек көрсеткен болатын. Ұйым ұжымы 20 млн. теңге жинап, оны қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына берді.

Апат салдарынан Динара екі аяғынан да айырылған. Тынымбаевтар жанұясы қыздарының еміне, аяғын протездеуге жәрдемдесу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-не өтініш білдірді. ӨМГ 8,5 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлді. Бұдан басқа, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлері 3,137 млн. теңге жинап берді. Динара емді Ресей мен Германияның клиникаларында қабылдады. Қазіргі уақытта аяғына протез салу үшін қосымша 16,5 млн. теңге қажет еді. Бұл ақшаны «ҚазМұнайГаз» бөліп отыр.  

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>