Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қаламқас кенорнындағы №8237 ұңғымасы жанынан пайда болған грифон (су-газ қоспасының атқылауы) туралы

24.05.2019

2019 жылдың 22 мамырында сағат 18.20 шамасында Қаламқас кенорнында орналасқан №8237 ұңғымасы аумағында биіктігі 40-50 сантиметр су-газ қоспасының атқылауы (грифон) пайда болды. Сондай ақ, №8237 ұңғыма сағасында қысымның 4 атмосфераға дейін жоғарылауы байқалды. Жүргізілген арнайы шаралардан кейін құбыр ішіндегі қысым 2,2 атмосфераға дейін төмендеді.

Бұл туралы мемлекеттік құзырлы органдарға хабар берілді.

Осыған дейін үстіміздегі жылдың наурыз айында орын алған грифонның жану оқиғасынан кейін «ҚазМұнайГаз» ӨБТ ҒЗИ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және тәуелсіз сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобы №8237 апаттық ұңғымасының айналасынан ауданы 4 шаршы шақырымды құрайтын зерттеу аймағын белгіледі. Бұл аймақта 98 ұңғыма тексеруге алынды, олардың арасында жұмыс істейтіндері мен істемейтіндері және жойылған ұңғымалар бар. Зерттеу жұмыстарының мақсаты – грифонның пайда болу, табиғи газ бен су шоғырланған жер қабаттарындағы техногендік газдың ықтимал көшу себептерін анықтау болып табылады. Жалпы, грифонның қайта пайда болуына дайын едік. Осыған орай, тиісті іс-шаралар мен дайындық жұмыстары алдын ала жүргізілді. №8237 апаттық ұңғымасы техногендік газ бен судың қайта шоғырлануы байқалған кезде жеңілдетуші ұңғыма ретінде пайдалану үшін икемделді. Ұңғыма сағасы өртке қарсы құрылғылармен жабдықталып, босаған газ бен суды технологиялық ыдыстарға құю желісі орнатылды.

Қазіргі таңда жедел штаб құрылып, су-газ қоспасының пайда болу аймағында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, оны оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр:

  • қауіпті аймақтар анықталды, қауіпті деп табылған аймақ қоршауға алынып, апат салдарын жоюға тікелей қатысы жоқ адамдарды өткізуге тыйым салынды;
  • грифонның айналасына топырақ (мергель) төгу жұмыстары жүргізілді;
  • ұңғыманы басқару тетіктері сақталған, атындыны болдырмау жабдықтарымен жабдықталған, дроссельдеу және тұншықтыру блоктары қондырылған;
  • ұңғымадағы қысымды экологиялық ыдыс және технологиялық шамның көмегімен азайту арқылы грифонды жеңілдету шаралары жүргізілуде;
  • радиусы 500 метр аумақта 8 су айдау ұңғымасының жұмысы тоқтатылды.

Алдағы уақытта кен орнын бұрғылау және пайдалану кезінде тосын жағдайларды болдырмау жөнінде тиісті шаралар қабылдануда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>