Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады

23.05.2019

Кездесу барысында Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты. 

www.akorda.kz

>