Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазақстандық компаниялар арасындағы ашықтық рейтингі бойынша көшбасшылар қатарында

17.05.2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігінің «Курсив» газетімен бірлесе өткізген ашықтық рейтингінде 100 ең ірі қазақстандық компания арасынан екінші орын алды.

Рейтингке өңірлер, салалар және ел экономикасына айтарлықтай ықпал ететін, көпшіліктің қызығушылығын тудыратын 100 ірі қазақстандық компания енгізілді. «Эксперт РА Қазақстан» сарапшылары компаниялардың қаржылық және қаржылық емес ақпаратты ашу сапасын зерттеді және халықаралық стандарттармен салыстыра отырып, олардың қызметтерінің түрлі аспектілерін ашу деңгейіне баға берді. Бағалау 59 тармақ бойынша жүргізіліп, 5 блокқа топтастырылды: Компания туралы, Корпоративтік басқару, Тұрақты даму, Медиа коммуникациялар, Есептілік. Бағалау нәтижелері бойынша ҚМГ ықтимал 10 балл ішінен 7,9 балл алды. Бұл ретте Коммуникациялар блогы бойынша ҚМГ барлық компаниялар ішінен ең жоғары – 9,6 балл жинады.

Рейтинг нәтижелері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ашықтығының жоғары деңгейін және барлық мүдделі тараптар ақпаратқа қол жеткізе алатынын растайды.

Бағалау әдістемесінің толық нұсқасын «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігінің сайтынан оқи аласыздар: https://www.raexpert.kz/.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>