Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар мұнай-химия зауытына келді

29.04.2019

2019 жылғы 27 сәуірде ҚР Президенті Касым-Жомарт Тоқаев облыс бойынша жұмыс сапары шеңберінде Павлодар мұнай-химия зауытында болды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы кәсіпорынның ағымдағы қызметімен танысты. «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Баяндама барысында зауытта жаңғырту жұмыстарының аяқталғаны және өндірістік көрсеткіштер туралы айтылды.
Модернизациялау жобасын іске асыру нәтижесінде 2017 жылғы желтоқсанда екі жаңа технологиялық кешен салынып, пайдалануға берілді: изомерлеу және нафта сплиттері кешені, күкірт өндіру қондырғылары кешені.
Жалпызауыттық шаруашылық объектілердің 12 жаңа нысаны салынды. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік қуаттар қайта жаңартылды: мұнайды бастапқы және терең өңдеу кешендері, сондай-ақ баяулатып кокстеу қондырғысы.
Осы шаралардың барлығы каталитикалық крекинг қондырғысының қуатын шикізат көлемі бойынша жылына 1350 мың тоннадан 1868 мың тоннаға дейін ұлғайтуға, ТР ТС 013/2011 Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес К4, К5 экологиялық кластары бойынша мотор отындарын өндіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ авиа отын өндірісін қайта жандандыруға мүмкіндік берді.
ПМХЗ-да технологиялық бизнес-процестерді жүргізу әдістеріне де өзгерістер енгізілді, онда цифрландыруға баса назар аударылды. 2018 жылдан бастап SpiralPlan өндірісті оңтайландыруды жоспарлау жүйесі іске асырылды, оның көмегімен 2019 жылға арналған ПМХЗ жылдық өндірістік бағдарламасы жасалды, бұл кәсіпорынның операциялық шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жастар жылы аясында кәсіпорынның жас мамандарымен, кәсіптік шеберлік байқауының жеңімпаздарымен, «Lean Six Sigma» әдісін қолданып, үнемді өндіріс жобаларын әзірлеушілерімен, ПМХЗ жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелерімен және «Жас Отан» жастар қанатымен кездесті.
Зауыттың жас мамандары ел басшылығының ұсынған әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіре отырып, республикадағы барлық қоғам институттарын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>