Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ: Компанияны жетістікке жетелейтін жастар

02.04.2019

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ жас мамандардың білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру мәселелеріне қашанда ерекше көңіл бөліп отырады. Компания басшылығы жыл сайын белсенді жастардың басын қосуды дәстүрге айналдырған. Осы орайда наурыздың 29-30 күндері Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің әр өңірінде орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарынан 80-нан астам жас маман жиналды.

Жастар жылы шеңберінде Ұлттық компания ұйымдастырған шараның мақсаты - жас мамандардың бір-бірімен жақын танысуы, жаңа мүмкіндіктерін ашу, өзара пікір алмасу және осы жылға жоспарлар құру. Жас қызметкерлер шараға үлкен қызығушылықпен қатысты. ҚМГ басшылығы да жастардың ортасында болып, форумның нәтижелі өтуіне атсалысты.

 - Бүгін біз жастар ұйымдарының жетекшілерін, өкілдерін, жалпы белсенді жастарды еліміздің бас қаласында жинап отырмыз. Сіздер «ҚазМұнайГазға» қарасты еншілес кәсіпорындарда еңбек етіп жатқан 26 мыңнан астам жас мамандардың атынан келіп отырсыздар. Сіздер әрқайсысыңыз әр аймақтан, әр мекемеден болсаңыз да, барлығымыздың мақсатымыз, мүддеміз бір. Қазақта «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қанатты сөз бар. Егер біз ортақ мақсат үшін жұмылып, барынша әрекет ететін болсақ, көптеген жетістікке қол жеткізе аламыз, - деді шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚМГ адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директор Дәулетжан Хасанов.

Екі күндік форумның жұмысы «Ұлттық компанияның 10 жыл ішінде болашағы қандай болмақ?» деген тақырыппен коллаж әзірлеуден басталды. Жастар сегіз топқа бөлініп жұмыс жасады. Команданы қалыптастыруға, көшбасшыны анықтауға бағытталған ойындар ойнады. Барабан ойнаудан тренинг өтті. Жалпы, биылғы форумның форматы өзгеше болды. Қатысушыларға бірінші күннің соңында Компанияның жастар саясатына қатысты өз бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды. Екінші күні әр команда өздерінің жобаларын таныстырып, қорғап шықты. Жобалар негізінен жастардың біліктілігін арттыру, тәлімгерлік тәжірибесін енгізу, бірыңғай медиакеңістік құру, инновациялық жобалар байқауларының жеңімпаздарына авторлық патент алуға жәрдемдесу, жастардың жасампаздық энергиясын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және т.б. тақырыптарды қамтыды. Кейіннен әр команданың басшысы сөз сөйледі. Шара соңында қатысушылардың өздері және қазылар алқасы онлайн дауыс беру жолымен ең әсерлі сөйлеген, ең мықты идеяны ортаға салған 7 қызметкер Жастар ісі жөніндегі кеңеске мүше болып сайланды. Олар: «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері – Аян Кенжебеков пен Алтынгүл Шәкімова, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жас маманы – Гүлмарал Махабил, «Шымкент мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен Лесбек Сәдібек, «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС-нен Айбек Ұлықпанов, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС белсенді жас маманы Тахир Шәріпов және ҚМГ Орталық аппаратынан Ерзатхан Абылайханов. Осы 7 адамнан құралған кеңес жыл бойына Ұлттық компанияның жастар саясаты бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, осы жұмыстардың іске асырылуына жетекшілік ететін болады.

Шара соңында барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттар тапсырылды.

Осы екі күн ішінде Ұлттық компанияның жас қызметкерлері бір-бірімен араласып-танысып, тіпті дос болып та үлгерді. Түрлі мәселелерді талқылап, толғамды ойларын тарқатқан жастардың да пікірін тыңдадық.

Нұрлан Кокушев, «Өзенмұнайсервис» ЖШС-нен 3-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі, Жас мамандар кеңесінің төрағасы:
- Осындай деңгейдегі отырысқа қатысып отырғаныма қуаныштымын. Бірінші кезекте жас мұнайшылардың басын біріктірген ҚМГ басшылығына ризашылығымды білдіремін. Мұндай шаралардың өтуі біздер, жастар үшін өте пайдалы. Жаңа әріптестермен таныстық, жаңа нәрселер үйрендік. Форумның ұнаған тұсы – команда болып жұмыс жасадық. Жетекшілік ететін жастар да әділетті сайланды. Барлығы да алғыр қыз-жігіттер. Жаңа құрамға сәттілік тілеймін!

Бауыржан Мусин, Ақтау қаласындағы «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты», геолог:
- Форум маған өте ұнады, тамаша әсер алдым. Осындай шаралар арқылы жастардың ауызбіршілігі артады, жаңашылдыққа ұмтылады. Әр өңірдегі жастар бір-бірімен достасады. Өзім еңбек ететін институтта жас мамандар кеңесі барлық қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады. Биыл Наурыз мейрамын кең көлемде тойлауға атсалыстық. Енді геолог күніне орай Маңғыстау өңірінің керемет жерлеріне сапар жасап, квест ойындарын ұйымдастырмақшымыз. Одан кейін мамыр айында ғылыми конференция өткіземіз деген жоспарларымыз бар. Мекеме басшылығы біздің осындай игі бастамаларымызды қашанда қолдап отырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>