Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Fitch Ratings ҚМГ дербес кредит төлеу қабілеті рейтингісін «BB-» деңгейіне дейін көтерді, ұзақ мерзімді рейтинг «BBB-» деңгейінде расталды, болжам «Тұрақты»

02.04.2019

2019 жылдың 28 наурызында Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі – «Агенттік») «ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ-ның (бұдан әрі – «Компания», «ҚМГ»)  Қазақстан үкіметінің қолдауынсыз дербес кредит төлеу қабілетінің рейтингісін «В» деңгейінен  «BB-» деңгейіне дейін көтерді. Сондай-ақ компанияның ұзақ мерзімді рейтингісін «BBB-» деңгейінде растады (тәуелсіз рейтингтен бір саты төмен),  болжам «Тұрақты».

«Компанияның бизнес бағыты көмірсутекті едәуір өндірумен (2017 жылы тәулігіне 255 мың мұнай эквивалентіндегі баррель; үлестік әдіспен есепке алынатын компаниялар бойынша өндіруді қоса алғанда 615 мың м.э.б.), тасымалдау және өңдеу/сатудың ең тұрақты сегменттермен бірігумен, сондай-ақ ұлттық мұнай-газ компаниясы ретінде ҚМГ статусымен сақталады», - деп Агенттіктің хабарламасында атап көрсетілген.

Рейтингтердің жоғарылауы мен расталуына себеп болған басқа да факторлар – бұл қаржылық тұрақтылықтың жақсаруы болып табылады. Соның ішінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ақша қаражатына қолжетімділікті қамтамасыз ету, Қытайға газ экспортының басталуы, қомақты ақша қаражатын талап ететін ірі жобалардың жүзеге асырылуы аяқталуы, мұнай бағаларының көтерілуі.   

 Агенттік әзірлеген баспасөз хабарламасының толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқи аласыз. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>