Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қаламқас кен орнындағы өрт ауыздықталды

29.03.2019

29 наурыз күні Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті. Брифинг барысында «Қаламқас» кен орнында болған техногендік апатқа қатысты мәселелер талқыланды. БАҚ үшін ұйымдастырылған іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Бақыт Иманбаев, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зертту институты» ЖШС Бас директоры Бақытжан Хасанов, «Мұнай-газ ҒЖЗИ» АҚ бас директоры Олег Герштанский қатысты.  

Жақып Марабаев жиналғандарды осы жылдың 13 наурызында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қарасты Қаламқас кен орнының күрделі учаскесінде ұңғыманың құрылысы барысында техногендік сипаттағы газ-су аралас табиғи бұрқақ шыққаны туралы хабардар етті.  Наурыздың 13-24 күндері мамандар ұңғыманы күрделендірілген бұрғылау ерітіндісімен жуу, сондай-ақ грифондарды жою үшін жөндеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізді. Қолданған шараларға қарамастан, 25 наурыз күні жер бетіне шыққан газ-су қоспасының ошағы жана бастады. Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдай департаментінің бастығы Қ.Б. Базарбаевтың басшылығымен ТЖ, экология, полиция, орталық мемлекеттік органдар, ҚМГ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ,  «СиБУ» ЖШС және Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдерінен құрылған жедел штаб өрт ошағын ауыздықтау бойынша қажетті шараларды қабылдады. Төтенше жағдайды жою үшін 80-нен астам маман және 25 түрлі техника жұмылдырылды. Сөндіру барысында жану ошағын тасымалданатын лафеттік оқпандармен ауыздықтау үшін жұмыстар жүргізілді. 28.03.2019 ж. сағат 01.05-те №8237 ұңғымасы маңайындағы грифонда шыққан  өрт ауыздықталды. Қазіргі таңда  газ-су аралас табиғи бұрқақтың жер бетіне шығуы тоқтатылды және пайда болған грифондар жабылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, материалдық шығынның көлемі шамалы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев өз сөзінде пайда болған өрт – бұл Қаламқас кен орнын игеру жағдайына тән құбылыс екенін атап өтті.

«Әрине, біз қашанда осындай оқиғаларға дайын болуымыз керек – бұл үшін осы сияқты қауіп-қатерлер туындаған кезде уақтылы және сапалы әрекет ету бойынша арнайы регламенттер әзірленген. Мұндай жұмыстарға біліктілігі аса жоғары, өндірісті жете білетін және мол тәжірибесі бар мұнайшы-мамандар қажет екенін баса айтқым келеді. 8237 ұңғымадағы өртті ауыздықтау үшін еңбек еткен барлық әріптестеріме алғыс білдіремін. Олардың отбасы мүшелеріне айтарым – енді қауіп жоқ, уайымдамаңыздар».   

Қазіргі кезде нысанда қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мамандар алдағы уақытта осындай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жан-жақты техникалық сараптамалар жүргізілетін болады. Сараптамалардың нәтижесі бойынша, Қаламқас кен орнының орталық бөлігіндегі ұңғымаларды жобалау кезінде бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету үшін арнайы түзету шаралары қабылданатын болады.    

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>