Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» «Узбекнефтегаз» компаниясымен мұнай-газ саласында өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге қол қойды

23.03.2017

2017 жылғы 23 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) мен «Узбекнефтегаз» ҰХК (бұдан әрі – УНГ) Өзбекстан Республикасының Үкіметтік делегациясының Астана қаласына сапары шеңберінде Мұнай-газ саласында өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге қол қойды.

ҚМГ мен УНГ арасындағы келісімге сәйкес ресейлік мұнайдың Өзбекстанға  транзиті туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Өзбекстанның мұнай өңдеу өнеркәсібін жаңғырту бойынша жобалары шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Өзбекстан бағытындағы жүйелерінің мұнай құбырларын қайта жаңарту және кеңейту мүмкіндігі зерттелетін болады. ҚМГ өз тарапынан УНГ-ге қазіргі бар МӨЗ жаңғырту жобалары бойынша техникалық қолдау көрсетеді, сондай-ақ Өзбекстанда жаңа МӨЗ салу кезінде техникалық қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырады.

Тараптар, сондай-ақ екі елдің бірлескен мұнай-газ жобаларына кіріп, көмірсутек шикізатын өндіру және барлау саласында ынтымақтасуға, Орта Азия елдеріндегі мұнай өнімдері маркетингін дамытуға және УНГ мұнай өнімдерін ҚМГ логистикалық инфрақұрылымын пайдаланып, сыртқы өткізу нарықтарына логистикалауды жүзеге асыруға уағдаласты.

ҚМГ тасымалдау, өңдеу және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президенті Данияр Берлібаев «бұл келісім мұнай-газ саласы компаниялары арасында ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтың бар екенін көрсетеді және Қазақстан мен Өзбекстанның экономика саласындағы өзара қарым-қатынастарының жаңа кезеңіне сәйкес келеді» деп атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>