Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Әз Наурыз – Ұлттық компанияда

19.03.2019

2019 жылдың 19 наурызында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының орталық аппарат қызметкерлері Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті.

Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев және Басқарма төрағасының орынбасары-қаржы директоры Дәурен Қарабаев Ұлттық компания ұжымын жыл басымен құттықтап, еңбектеріне табыс, шаңырақтарына амандық, ырыс-береке тіледі.

Бір-бірімен көріскен ұжымдастар дастархан басында наурыз көжеден ауыз тиіп, жақсы тілектер айтты. Сондай-ақ жиналған қауым қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне қатысты сұрақ-жауап викторинасына, арқан тарту, қол күрес ойындарына қатысып, мәз-мәйрам болысты.

Наурыз мерекесіне орай Ұлттық компанияда шағын футболдан турнир ұйымдастырылып, оған төрт команда қатысқан болатын. Олар - «Mangystau Service Company» ЖШС, «ҚМГ ӨжБТ ҒЗИ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және ҚР Энергетика министрлігінің командалары. Министрліктің аяқдоп шеберлері бірінші орынды жеңіп алды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. ҚМГ командасының ойыншылары Алмат Саржанұлы «Үздік қорғаушы», Ілияс Ақынбеков «Үздік қақпашы» атанды. Мереке барысында турнир жеңімпаздарына дипломдар табысталды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>