Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жеңіс жобасы бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

19.02.2019

2019 жылдың 18 ақпанында Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ (бұдан әрі – ЛУКОЙЛ) президенті Вагит Алекперов үшжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында Энергетика министрлігі, ҚМГ мен ЛУКОЙЛ («ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС) арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жеңіс теңіз учаскесін бірлесіп игеру шеңберінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге құқық беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына, сондай-ақ өзара түсіністік туралы бірлескен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық тараптың пайдасына қол қою бонусын (жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын иелену үшін біржолғы тіркелген төлемі – ҚР Салық кодексі) және кадрлар құрамында (50% - басшылар, 80% - құрылымдық бөлімшелердің басшылары, 90% - орта буын мамандары, 100% - білікті жұмысшылар), сондай-ақ жұмыстар мен қызметтерде кемінде 50% жергілікті қамту үлесі бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерін төлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Ынтымақтастықтың келесі кезеңі Жеңіс учаскесінде көмірсутектер шикізатын барлау мен өндіруге келісімшарт жасасу болады. 

Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 5 маусымында ҚМГ мен ЛУКОЙЛ арасында Жеңіс жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойылған болатын. Ол келісімге сәйкес бірлесіп барлаудың негізгі шарттары бекітілді. 2018 жылдың 30 қарашасында Бірлесіп қызмет ету туралы келісімге және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. 

ҚМГ мен ЛУКОЙЛ стратегиялық серіктестер болып табылады және ұзақ жылдар бойы бірқатар бірлескен жобаларды іске асырып келеді. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>