Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ ҰК мен Socar өзі көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын сенімді басқару шартына қол қойды

18.02.2019

2019 жылдың 16 ақпанында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың Socar Әзірбайжан мемлекеттік мұнай-газ компаниясының (бұдан әрі – Socar) президенті Ровнаг Абдуллаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптардың еншілес компаниялары – «KMG Drilling & Services» ЖШС бас директоры А.Шоқпытов пен «Caspian Drilling Company Ltd»  бас директоры Ф.Ахундов өзі көтерілетін қалқымалы  бұрғылау қондырғысын (бұдан әрі – қондырғы) сенімді басқару шартына қол қойды.

Шарттың негізгі мақсаты әзірбайжандық тарап іске асырып жатқан жобаларда қондырғыны пайдалану. Нақты айтқанда, осы қондырғыны пайдалану арқылы «Вritish Рetroleum» компаниясы Абшерон құрылымын игеріп жатыр. Сондай-ақ ынтымақтастық аясында қондырғыны жаңғырту жұмыстары көзделген. Бұл тереңдігі 6000 метрден асатын барлау ұңғымаларын қауіпсіз және тиімді бұрғылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қазақстандық мамандар қондырғыны Каспий теңізінің әзірбайжандық секторында пайдалану барысында бұрғылауға қатысады және техникалық қолдау көрсететін болады.   

Екі компанияның ынтымақтастығы теңізде бұрғылау тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік берумен қатар, Каспий теңізінде бұрғылау қызметтерін көрсету нарығында қондырғының бәсекеге қабілетін арттыра түседі.

ҚМГ ҰК басқарма төрағасы Алик Айдарбаев өз сөзінде екі компания арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігін және Каспийдегі геологиялық барлау саласындағы жобаларды жан-жақты қарастыруға дайын екендігін атап өтті.    

Естеріңізге сала кетейік, 26 қаңтарда Баку қаласында Алик Айдарбаев және Ровнаг Абдуллаев ҚМГ ҰК мен SOCAR арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталған құжат компаниялар арасындағы, соның ішінде Каспийде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу саласындағы, атап айтқанда көмірсутек шикізатын барлау бойынша геологиялық-геофизикалық материалдарды бірлесіп зерттеу, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерінің логистикасы, трейдингі саласындағы ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндіктерін көздейді. Меморандумда қондырғыны Каспий теңізінің әзірбайжандық акваториясындағы жобаларда бұрғылау жұмыстары үшін бірлесіп пайдалану көзделген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>