Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Экологиялық бағдарлама – іс жүзінде

21.01.2014

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (әрі қарай - АМӨЗ) («ҚазМұнайГаз – өңдеу-маркетинг» АҚ еншілес кәсіпорны) 2013 жылы АМӨЗ ауаға шығарылатын ластаушы заттар мен сарқынды сумен шығатын зиянды заттар көлемін рұқсат етілген лимиттен асырмағандығын хабарлайды.

ҚМГ-ӨМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, санитарлық қорғаныш аймағында (СҚА) ауа ластанған жағдайда жедел әсер алатын атмосфералық ауа сапасын қадағалайтын автоматты бекеттер орнатылған. Аталған бекеттерде кәсіпорын тарапынан ластаушы заттардың мүмкін шектегі концентрациясының артуы тіркелмеген. Ластаушы заттардың мүмкін шектегі концентрациясының артуы желдің бекеттен зауытқа қарай соғуы жағдайында тіркелген.

АМӨЗ-нда ірі жобалардың жүзеге асырылып жатқандығына байланысты санитарлық нормаларға сәйкес СҚА көлемі ластаушы көздерден бастап есептегенде 1000 метрді құрайды. АМӨЗ СҚА көлемінің ұлғаюына байланысты «Сол жақ Перетаска» тұрғын үй шоғырында орналасқан тұрғын үйлер мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы аяқталғанға дейін басқа жерге көшірілуі тиіс. Зауыттың санитарлық қорғаныш аймағын көгалдандыру жұмыстары селитебті аумақ жағынан 16,0 га аумақта жалғасуда.

2005 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ның Кешенді экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру барысында АМӨЗ-нда қондырғылардағы мұнайдың зауыттық газын күкіртті қосылыстардан тазарту, сондай-ақ технологиялық пештер мен зауыттың ЖЭО-ның қазан агрегаттарында жағылатын отын балансындағы сұйық отынның адекватты бөлігін табиғи газбен бірге қолдану жұмыстары жүргізілді. Бұл түтін газдарымен ауаға тарайтын күкіртті ангидридтің мөлшерін 2013 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 79,3%-ға дейін, яғни 30 172-ден 6 246 тонна дейін азайтуға мүмкіндік берді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша АМӨЗ табиғат қорғау шараларына 2 904 348 мың теңге жұмсады, соның ішінде: әуе бассейнін қорғауға 1 014 077 мың теңге, флора мен фаунаны қорғауға 24 830 мың теңге, жаңа заманғы басқару жүйелерін және қауіпсіз технологиялар енгізуге 1 606 576 мың теңге, тұрғындарды экологиялық ақпараттандыруға 5 483 мың теңге, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмысқа 253 382 теңге қаражат жұмсалған.

- АВТ-3 қондырғысының пешін ауыстырып, түтін газын утилизациялау блогына модернизация жұмыстары жүргізілгеннен соң өңделетін мұнайдың бірлігіне жұмсалатын отынның меншіктік шығыны 2 есеге дейін қысқарып, нәтижесінде ауаға шығарылатын ластаушы заттардың саны азайды, - дейді «АМӨЗ» ЖШС еңбек, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры Абдулла Бикбаев.

АВТ-3 қондырғысының қарамайды вакууммен тарқату блогын вакуум түзуші жүйемен жарақтандырудың нәтижесінде сарқынды сумен бірге шығарылатын ластаушы заттар 0,43 тонна/жыл, сұйық отын жағуға жұмсалатын шығын 1940 тонна/жыл, отындық газ 1,7 млн. м3/жыл, барометрлік конденсаторлар үшін қолданылатын айналма су көлемі 8,6 мың м3/жылға дейін қысқарды.

2006 жылы Евро-4 стандартына сай экологиялық таза дизель отыны және Евро-2 стандартына сай автобензиндер өндірісі қолға алынғалы бері АМӨЗ аймаққа пайдаланылған газбен тарайтын ластаушы заттар көлемін бірнеше есеге азайтты. 2014 жылы Ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін АМӨЗ Евро-4 стандартына сәйкес автобензин шығаратын болады. Ал Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені іске қосылғаннан соң Евро-5 стандартындағы экологиялық таза мотор отындарының өндірісі қолға алынбақ.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 1945 жылы пайдалануға берілді. Негізгі қызмет түрі: отындық нұсқада мұнай өңдеу. 99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ. «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>