Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» - ҚР мұнай-газ компаниялары арасында экологиялық жауапкершіліктің көшбасшысы

30.01.2019

Қаңтардың 22 жұлдызында Астанада Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) және «КРЕОН» тобымен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігінің қолдауымен және Орталық Азияның қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ Бағдарламасымен (UNEP- СА), CREON Capital, сондай-ақ Ұлттық рейтингтік агенттікпен серіктесе отырып Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершіліктің екінші рейтингісінің нәтижелері таныстырылды.

Биылғы жылы рейтингтік іріктемеге 2017 жылы көмірсутегі өндіру көлемі жарты миллион тоннадан асқан 19 компания кірді. Осы рейтингті бағалаудың негізгі критерийлері: экологиялық басқару, қоршаған ортаға әсер ету және ақпаратты ашу / ашықтық болып табылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ екінші жыл қатарынан Қазақстандағы мұнайгаз компанияларының экологиялық рейтингісін басқара отырып экологиялық ашық және жауапты компания атағын растады. ҚазМұнайГаз экологиялық жауапты бизнестің жолында, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін дамытуда, аталған мәселе бойынша  барлық мүдделі тараптармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Компанияның барлық экологиялық аспектілері туралы ақпарат жыл сайынғы негізде Жылдық есепте, Тұрықты даму туралы есепте жарияланады, сондай-ақ тиісті ақпарат компанияның ресми сайтында көрсетілген. 

Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің рейтингісі компаниялардың қоршаған ортаға тигізетін ықпалы мен табиғатты сақтау үшін қолданылатын шаралар жөнінде ақпаратты жариялау түрінде өзінің алғашқы жемістерін берді. Атап айтқанда, биылғы жылы құрметті үшінші орынға ие бола отырып, экологиялық жауапкершіліктің көсбасшысы қатарына ҚМГ еншілес компаниясы – «Ембімұнайгаз» АҚ кіріп, бас компаниямен экологиялылық пен транспаренттілікке деген ұмтылысты бөлгені ерекше қуантады.  

Екінші орынды "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В."компаниясы иеленді.

Толығырақ ақпарат Рейтингтің ресми сайтында https: //www.zs-rating.ru/  орналасқан.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>