Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2018 жылы «Самұрық-Қазына» ҰАҚ» АҚ табысы 30%-ға дейін ұлғайды

22.01.2019

«Самұрық-Қазына» АҚ-да 2018 жылғы жұмыстың қорытындысы бойынша жиналыс өтті. Оған ірі қоржындық компаниялардың басшылары қатысты.

 «Бірінші кезекте өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсімін атап өткім келеді. Негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 31%-ға артып, 8,3 трлн. теңгеден асып жығылды. Таза кіріс 37%-ға немесе  821 млрд.теңгеге дейін ұлғайса, операциялық кіріс 1 трлн.теңгеден  асты. Қордың табысы 30%-ға дейін артты, - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Жекешелендірудің кешенді бағдарламасы аясында құны 230 млрд. теңгеден асатын 31 актив сатылды. Қазатомөнеркәсіп акцияларының халықаралық ІРО-ға шығарылуы өткен жылғы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Оның арқасында тартылған 451 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржы толығымен еліміздің Ұлттық қорына бағытталды.

Жоспар бойынша 2019 жылы Қордың екі ірі компаниясы – Қазақтелеком және Эйр Астана IPO-ға шығарылады.

Еншілес компаниялардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл Қор тобының қарызын 1 трлн. теңгеге азайтуға мүмкіндік берді. Өз кезегінде сыртқы қарыз көлемі 3,2 млрд. АҚШ долларына төмендетілді. Мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыз көлемі 331 млрд. теңгеден 66 млрд. теңгеге дейін немесе 80%-ға төмендеді.

Жаңа технологияларды енгізу бағдарламасы қайта қаралып, оның экономикалық тиімділігі 42 млрд .теңгені құрады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, «КазМұнайГаз» ҰК» АҚ 1,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды өтеді және 3,2 млрд. АҚШ доллары сомасын құрайтын міндеттемелерді басқару жөніндегі мәмілені сәтті жүргізді.  «Самұрық-Энерго» АҚ қарызын 50 млрд. теңгеге дейін азайту арқылы өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты.

Kcell компаниясының 75% акциясын сатып алу туралы мәміле жарияланғаннан кейін бұл Казақтелеком акциялары құнының 10-15%-ға  артуына ықпал етті. Үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарының аяқталуы К-4 және К-5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдеріне деген ішкі нарықтағы сұранысты толық өтеуге мүмкіндік берді.

«Өткен жылдың қорытындысы жаңа жылдағы басқа да өзекті мәселелерді шешуге жақсы негіз болды. Ал биылғы міндеттер өте күрделі. Қордың жаңа Стратегиясын іске асыру мақсатында біздің бірлескен күш-жігеріміз өндірістік көрсеткіштерді жақсарту, компаниялардың қаржылық  тұрақтылығын нығайту, сондай-ақ жекешелендіру, трансформациялау және цифрландыру бағдарламасын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді шешуге бағытталатын болады. Біз Мемлекет басшысының Қордың алдына қойған тапсырмаларын сапалы орындауға жауаптымыз»,- деп қорытындылады өз сөзін Ахметжан Есімов.

Қордың операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор Әлішер Пірметов жиналыстан кейін ұйымдастырылған баспасөз маслихатында Даму стратегиясының және сатып алу жүйесін жетілдірудің  жаңа тәсілдеріне тоқталды.

«Қордың 2028 жылға дейінгі Жаңа Стратегияға сәйкес Қор 2024 жылға дейін жекешелендіруден түсетін қаржыны қайта инвестициялауға және ел ішінде де, шет елде де тиімді инвестициялық портфельді құруға баса назар аударады. Ұзақмерзімді басымдықта «Самұрық-Қазына» АҚ 2028 жылға дейін Қордың әртараптандырылған инвестициялар портфелін белсенді және тиімді басқару моделіне толық көшуге баса назар аударады»,- деді Алішер Пірметов.

Сонымен қатар Әлішер Хабиболлаұлы сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жұмыстың оң нәтижелеріне тоқталды. Бұл 121 млрд. теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы Қазақстанда теңдесі жоқ өндірісті іске қосуға себеп болды. Бұдан басқа Елбасының шағын және орта бизнесті қолдауға арналған тапсырмаларын орындау шеңберінде холдинг ішіндегі сатып алулар 10 есе қысқартылды. Бұл 309 млрд. теңгеден астам қаржыны бәсекелі сатып алу ортасына бағыттаумен қатар Қор тобының сатып алу жүйесіне 8 мың кәсіпкерлік субъектінің  қатысуына мүмкіндік берді. Қордың компаниялары 22 млрд. теңгені үнемдеді.

Экономиканың өңдеу секторларын қолдау аясында 2018 жылы ҚР-да теңдесі жоқ жаңа өндірістерді дамытатын отандық кәсіпорындар үшін ұзақ мерзімді тапсырысқа кепілдік беретін бірегей «оффтейк-шарттар» механизмі енгізілді. Жалпы сомасы 4 млрд. теңгені құрайтын алғашқы оффтейк-шарттар жасалды.  Бұл бастамалардың іске асырылуы бизнестің жаңа өндірістерді құру, жұмыс орындарының санын ұлғайту бағытындағы инвестициялық  белсенділігін ынталандырады және бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтады.  

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>