Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАР ШЫҒАРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

20.04.2017

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) АҚШ-тағы 144А Қағидаларына сәйкес Америка Құрама Штаттарында және S (RegS) ережесіне сәйкес жалпы көлемі 2.75 млрд. АҚШ долларын құрайтын 5, 10 және 30 жылдық еурооблигациялар шығарылымынс табысты орналастыруы туралы хабарлайды.

2017 жылғы 19 сәуірде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ («ҚМГ ҰК») 10,5 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі ортамерзімдік жаһандық ноталар шығарудың ағымдағы бағдарламасы шеңберінде ҚМГ және оның Kazmunaigaz Finance Sub BV еншілес компаниясы шығарған жалпы көлемі 2.75 млрд. АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды орналастыру үрдісін аяқтады. Еурооблигациялар үш серия бойынша шығарылды, оның ішінде: (i) 2022 жылы өтелуге тиіс купондық мөлшерлемесі 3,875% болатын 500 000 000 АҚШ доллары; (ii) 2027 жылы өтелуге тиіс купондық мөлшерлемесі 4.75% болатын 1,000,000,000 АҚШ доллары; және iii) 2047 жылы өтелуге тиіс купондық мөлшерлемесі 5,75% болатын 1,250,000,000 АҚШ доллары.

Мәміле халықаралық инвесторлар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды, ол 6,5 млрд. АҚШ долларынан асып түсті, бұл ҚМГ ҰК тартымды баға деңгейлері бойынша шығарудың нысаналы көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Шығарылымдардың параметрлері ҚМГ ҰК мен Қазақстандағы басқа корпоративтік эмитенттер үшін жаңа бенчмарк белгіледі, атап айтқанда, 500 млн.АҚШ доллары сомасындағы 5 жылдық айналымы бар еурооблигациялар үшін кірістілік мөлшерлемесі 3,95%, 1 млрд. АҚШ доллары сомасындағы 10 жылдық айналымы бар еурооблигациялар үшін кірістілік мөлшерлемесі - 4,875% және 1,25 млрд. АҚШ доллары сомасындағы 30 жылдық айналымы бар еурооблигациялар үшін кірістілік мөлшерлемесі - 5,875%.

Бұдан басқа, бұл мәміле 2014 жылдан бастап ТМД елдерінен еурооблигациялардың ең үлкен корпоративтік шығарылымы болып табылады. Еурооблигацияларға BBB- (Fitch) / BB (Standard &Poor 's) / Baa3 (Moody' s) деңгейіндегі рейтингілер берілген болатын.

Еурооблигациялар Лондон қор биржасында және Қазақстан қор биржасында листингке ие.

Бірлескен жетекші менеджерлер мен халықаралық букраннерлер ретінде Citi, Deutsche Bank, UBS инвестициялық банкі, Halyk Finance және SkyBridge Invest тағайындалды. Dechert LLP және Dechert Kazakhstan Limited эмитенттің заң кеңесшілері болып тағайындалды, Linklaters LLP, Linklaters ТМД және Kinstellar LLP мәміле жөніндегі бірлескен жетекші менеджерлердің заңды кеңесшілері болып тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>