Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша «KMG International» тобының (EBITDA) операциялық пайдасы 47 млн. АҚШ долларын құрады

20.06.2018

Аудиттелген қаржылық есептілік деректеріне сәйкес 2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «KMG International» компаниясы («KMGI» немесе Топ) оң операциялық және қаржылық нәтижелерге қол жеткізді. Есепті кезеңде Топ 47 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі операциялық пайданы (EBITDA) тіркеді, бұл 2017 жылғы деңгейден 12% артық (41,8 млн. АҚШ доллары) және 2012-2017 кезеңдегі соңғы 6 жылдағы бірінші тоқсандағы EBITDA орташа көрсеткішінен екі еседен көп жоғары ($ 19,7 млн. АҚШ доллары).

Сонымен қатар, таза пайда 8,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 77% -ға жоғары (4,8 млн. АҚШ доллары).

2018 жылдың бірінші тоқсаны компания үшін операциялық тиімділік тұрғысынан рекордты тоқсан болды, бұл 2017 жылдың соңына дейін қол жеткізілген ең жоғары өнімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Есепті кезеңде Румыниядағы KMGI үш өндірістік нысаны – «Petromidia» және «Vega» мұнай өңдеу зауыттарында, сондай-ақ «Petrochemicals» мұнай-химия кешенінде өңделген шикізат түрлерінің көлемі шамамен 1,7 млн. тоннаға жетті, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 27% жоғары.

Трейдингтік арналар арқылы тасымалданатын шикізат пен мұнай өнімдері экспортының көлемі 1,3 млн. тоннаны құрады, бұл 2017 жылғы нәтижеден 111% артық. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы арналар арқылы көтерме және бөлшек сауда көлемінің айтарлықтай өсуі 1,9 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 60% жоғары (1,2 млн. тонна).

2018 жылдың бірінші тоқсанында «KMGI» жалпы айналымы 2,7 млрд. АҚШ долларына жетті, бұл 2017 жылғы деңгейден 38% жоғары.

Тұтастай алғанда, таза пайда көлеміне және динамикасына Румыния мен аймақтағы шикізатты өңдеу және мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайту сияқты факторлар айтарлықтай әсер етті. Сонымен бірге, «KMGI» өңдеу, логистика және сату шығындарының экономикалық тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ операциялық шығындарды төмендету және кірістілікті арттыру мақсатында ағымдағы қызметтің түрленуі бойынша бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруда.

Атап айтқанда, өндірісті кешенді цифрландыру, мұнай-химия және полимерлі өнімдерді өндіруге арналған қуаттарды іске қосу, мұнай сақтау қоймаларында қосымша парктер мен резервуарларды орнату, энергия тиімділігін арттыру, Румынияда және басқа елдерде жанармай құю желісін кеңейту жөніндегі ішкі жобалар мен бағдарламалар белсенді түрде іске асырылуда.

«2018 жылы бизнесті кезең-кезеңмен дамытуға және одан әрі әртараптандыруға бағытталған ішкі бағдарламаларды іске асыруды жалғастырдық. Ең алдымен, бұл мұнай өңдеу, трейдинг және ретейлдегі аз шығынды бастамалар болып табылады, олар енгізілгеннен кейін бірден экономикалық пайда әкеледі, яғни «жылдам жеңістер» бастамасы. Операциялық тиімділіктің және 2017 жылдың соңына дейін қол жеткізілген нәтижелерден асып түсетін ең жоғарғы өнімділіктің жаңа рекордтық көрсеткіштеріне қол жеткізу есепті кезеңде өсудің басты драйвері болды. Сонымен қатар, компанияның енгізген Өзгерістер бағдарламасы оң нәтиже береді. Бұл - корпоративтік мәдениеттің тиімді модельдерін құру саласындағы неғұрлым тиімді іскерлік тәжірибелер мен әзірлемелердің, сондай-ақ нейрофизиология мен психологияның симбиозы. Ондағы басты рөл компанияда қолайлы жұмыс ортасын құруға және әрбір қызметкердің командадағы құндылығына беріледі», - деді «KMG International» корпоративтік даму және стратегия жөніндегі вице-президенті Алексей Головин.

Күтіліп отырғандай, ағымдағы даму бағдарламаларын Топ өзінің меншікті қаражаты есебінен 2018 жылы жүзеге асырады.

Еске сала кетейік, өткен 2017 жылы, ҚМГ құрылымына кіргеннен кейін 10 жыл өткен соң, компания өзінің 40 жылдық тарихында абсолютті рекордтарға қол жеткізді. Топтың одан әрі даму мақсаттары Орталық және Шығыс Еуропа мен Қара теңіз аймағындағы елдерде бизнесті әртараптандыруға және позицияларын кеңейтуге бағытталған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>