Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен CEFC China Energy компаниясының мәмілесіне қатысты

09.07.2018

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және CEFC China Energy компаниясы KMG International NV компаниясының 51% үлесін сатып алу туралы мәміленің аяқталмайтыны туралы ресми түрде хабарлайды. Кейінге шегерілген шарттардың орындалуының шекті мерзімі 2018 жылғы                                   30 маусымда аяқталды және тараптар оларды орындау мерзімін әрі қарай ұзартпауға келісті. Бүгінгі таңда мәміле бойынша тараптардың барлық құқықтары мен міндеттері күшін жойған.

Жоғарыда аталған шешім KMG International N.V.  компаниялар тобының қызметіне әсер етпейді  және ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ активтер жүйесінде өз қызметін жалғастырады.

ҚМГ - Қазақстан Республикасының ұлттық мұнай-газ компаниясы - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық оператор. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы көмірсутегін барлау мен өндіруден, оларды тасымалдаудан және өңдеуден бастап, мамандандырылған қызметтерді көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклды жүзеге асыратын тік интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады.

KMG International N.V. - топтың негізгі қызметі мұнай өңдеу, маркетинг және халықаралық нарықтардағы трейдингтік операцияларды жүзеге асыру болып табылады. «Rompetrol» брендімен жұмыс істейтін топтың бөлшек сауда желісі Румыния, Грузия, Болгария және Молдовадағы 1100-ден астам жанармай құю мен тарату бекеттерін қамтиды. Компанияның негізгі қызметі Қара теңіз аймағында шоғырланған, онда компанияға тиесілі екі мұнай өңдеу зауыты бар. Компания, сондай-ақ, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізеді, EPC және бұрғылау ұңғымаларына қызмет көрсету саласындағы өнеркәсіптік қызметтерді көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>