Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ ҰК басшысы – Атырауда

27.12.2018

23-24 желтоқсан күндері Атырау облысында жұмыс сапарымен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі ҚМГ ҰК) Басқарма төрағасы А.С.Айдарбаев болды. Ұлттық компания басшысының сапарына ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары Қ.О.Есқазиев, ҚМГ ҰК басқарушы директорлары Е.Қ.Қайржан және Д.К.Хасанов қатысты.

Сапар аясында, 24 желтоқсанда, А. Айдарбаев «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) ірі мұнай-газ операторларының, ҚМГ ҰК еншілес және тәуелді компаниялары басшыларымен кездесіп, жиын өткізді.

Жиын барысында ҚМГ ҰК басшысы мұнай-газ саласындағы жағдайға бағасын беріп, ҚМГ тобына кіретін компаниялардың қызметі мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Өз кезегінде «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер, NCOC компаниясының қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау директоры Е.Марабаев, АМӨЗ бас директоры Ғ.Амантурлин, «KPI» компаниясының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қ.Оразбаев, «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының басшысы С.Рзиевтер өз компанияларында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.    

Ал, сапардың алғашқы күні ҚМГ ҰК басшысы Прорва кен алаңдары тобындағы өндірістік нысандарды аралап, Ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ) өндірістік құрылымдық бөлімшесі - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-нің «Прорва» орталық мұнай дайындау пунктінің жұмыстарымен танысты. Ал, кешке ҚМГ ҰК басшысы және Атырау облысы әкімі Н.Ноғаевпен бірге облыстың және ЕМГ ардагерлерімен кездесті.  

- «Ембімұнайгаз» АҚ ескі кен орындарын игеріп жатқандығымен, белсенді жүріп жатқан геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде мұнай өндіру жоспарын тұрақты орындап, қорларды толықтыру тапсырмасын да сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Атап өту керек, компанияда үлкен және ұйымшыл ұжым жұмыс жасауда. Ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысымен танысу барысында мен күкірттен тазарту қондырғысынан басқа жалпы нысанның іске қосылып, жұмыс жасап тұрғанына көз жеткіздім. Ал, аталған қондырғы жақын арада іске қосылады деген сенімдемін, - деп ҚМГ ҰК басшысы ЕМГ қызметіне баға берді.

Естеріңізге сала кетейік, Прорва кен алаңдары тобында ілеспе мұнай газын залалсыздандыруға арналған Ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысында іске қосу мен жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Іске қосу мен жөндеу жұмыстары барысында аталған қондырғының күкіртті алу қондырғысынан (LO-CAT) басқа негізгі блоктары кезең-кезеңімен шығарылып, пайдалануға берілді. Іске қосу мен жөндеу жұмыстары кезеңі жобаның бас мердігерінің газ күкіртін тазарту қондырғысын бастау бағытындағы міндеттемелерді уақытында орындамауына байланысты іске қосу кезеңі ұзартылды. Өндірістік нысандағы  жұмыстар әлі күнге дейін жалғасуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>