Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Павлодар қаласында «Павлодар мұнай-химия зауытын жаңарту» жобасын жүзеге асыру кезіндегі қазақстандық үлесі» тақырыбы бойынша отырыс өтті

07.02.2014

2014 жылғы 7 ақпанда «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да («ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ 100% еншілес ұйымы) «Павлодар мұнай-химия зауытын жаңарту» жобасын жүзеге асыру кезіндегі қазақстандық үлесі» тақырыбы бойынша отырыс өтті.

Отырыстың жұмысына Павлодар облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің, Кәсіпкерлер Ұлттық палатасының, Қазақстан серсистік компаниялар одағының, «Қазэнергокабель» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Белкамит» ЖШС Машина жасау зауытының, «ПавлодарЭнергоСтрой» ЖШС және тағы да сол сияқты бірқатар қазақстандық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

ПМХЗ жаңарту жобасы Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік стратегиясының аясында жүзеге асырылады.

Бұрын айтылып кеткендей, 2013 жылғы 30 маусымда «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС мен  Rominserv SRL компаниясы арасында ПМХЗ жаңартуды жобалауға, жеткізілімді жүзеге асыруға және құрылысын жүргізуге арналған жалпы сомасы 1 млрд 072 млн АҚШ долларына EPCкелісім-шартына қол қойылған болатын.

2013 жылғы желтоқсан айында Rominserv SRL компаниясы осы аталған жобаны іске асыру аясында қазақстандық «Белкамит» компаниясымен жалпы салмағы 423 тоннаны құрайтын 3 баған секілді стандартты болып табылмайтын құрал-жабдықтарды жасап шығаруға бірінші өнеркәсіптік тапсырысқа қол қойды. Тапсырыс құны 3 млн 175 мың АҚШ долларын құрайды. Бұрын мұндай технологиялық жобаларды іске асыру кезінде осындай деңгейдегі бұйымдар Қазақстан Республикасына Ресейден және басқа да алыс шетелдерден әкелінетінін айта кету қажет.

Жалпы алғанда «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ компаниялар тобы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алған кездегі қазақстандық үлесті бірте-бірте арттырып келеді. Осылайша, егер 2011 жылы ҚМГ-ӨМ компаниялар тобы отандық тауар өндірушілермен 134 млн. тенге шамасына ұзақ мерзімді шарттар жасасқан болса, 2012-2013 жылдары отандық тауар өндірушілермен 8 млрд.теңгеден артық сомаға ұзақ мерзімді шарттар жасасты. Мысалы, АМӨЗ жаңарту жобасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындысы бойынша 78 қосалқы мердігер ұйымы тартылған болатын, оның ішінде 72 компаниядағы еңбек ақы төлеу қорының қазақстандық үлесі 100% құрайды.

Қазіргі уақытта бес жылдық ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын әзірлеу аяқталу сатысында, олар ҚМГ-ӨМ еншілес ұйымдарының веб-сайттарында үстіміздегі жылдың ақпан айының соңына дейін орналастырылатын болады.

МӨЗ жаңарту барысында Қазақстанда шығарылатын мынадай тауар топтары кеңінен қолданылады:ыдыстар, резервуарлар, сепараторлар, отқа төзімді бояулар, металл конструкциялары, арматура, ресиверлер және құрылыс материалдары. Қазақстандық кәсіпорындар көрсететін қызметтердің және жұмыстардың көлемі мен түрлері де артып келеді: техниканы, үй-жайларды және құрал-жабдықтарды жалға беру,  логистика, резервуарларды монтаждау және жасап шығару, күзету, құрылыс, іздеу, жер қазу, дәнекерлеу, демонтаждау, лактау-бояу, жөндеу, электрмонтаждау және басқа да жұмыстар.

Отырыс аясында Rominserv S.R.L. компаниясы ЕРС келісім-шарт аясында технологиялық құрал-жабдықтардың қазақстандық өндірушілері мен қызмет көрсетушілерді тартумен ПМХЗ жаңарту жобасын жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімін өткізу алгоритмін түсіндіру бойынша тұсаукесер өткізді. 

Қосымша ақпарат алу үшін

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг»  АҚ

баспасөз қызметіне + 7 (7172) 97 57 18 телефоны бойынша хабарласуға болады.

a.elimessova@kmgrm.kz 

Rominserv SRL

Тел. + 7 (7172) 755 267

Office.RominservKazakhstan@rompetrol.com

________________________________________________________________________

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ –  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 100 пайыздық еншілес ұйымы. Компания активінде  – Атырау МӨЗ (99,5%), Шымкент МӨЗ (49,7%), Павлодар МХЗ (100%). Қызметінің негізгі бағыттары: мұнай өңдеу активтерін басқару, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты, мұнай өнімдерін сатудың бөлшек сауда желісін дамыту. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүддесін білдіретін, көмірсутегін барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100 пайызы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на тиесілі.   

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>