Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ KASE-де артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлайды

04.12.2018

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2018 жылдың 19 қарашасы мен 29 қарашасы аралығында KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу жөнінде арнаулы сауда-саттық жүргізілгенін хабарлайды.

Арнаулы сауда-саттық жүргізу қорытындысы бойынша Компания әр данасын 12 800 теңге бағамен 37 871 артықшылықты акцияны сатуға өтініштерді қанағаттандырды. Сатып алудың жиынтық сомасы 484 748 800 теңгені құрады.

Еске сала кетейік, Компания 13 тамызда бір акция үшін 12 800 теңге бағамен 1 905 209 акцияға дейін көлемде еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акциясын сатып алу туралы хабарлаған болатын. 12 қараша күні акционерлерден келіп түскен өтініш санының көптігіне байланысты ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің шешімімен артықшылықты акцияларды қайта сатып алу мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері Компания 14 031 795 200 теңге сомасына барлығы 1 096 234 артықшылықты акцияны сатып алды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>