Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып Алик Айдарбаев тағайындалды

20.11.2018

Айдарбаев Алик Серікұлы 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысы, Александровка ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кенорындарын игерудің технологиясы және кешенді механизациясы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы бастады. Әр жылдары «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ оператор-технологы,  қабат қысымын ұстау цехы басшысының орынбасары, «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ қабат қысымын ұстау учаскесінің басшысы, мұнай және газ өндіру цехының басшысы, бас директорының орынбасары, бірінші вице-президенті, «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болды. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>