Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау МӨЗ мұнайды тереңдете өңдеу кешенінің құрылыстық жобасы II тоқсанда басталады

07.02.2014

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС («ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ еншілес ұйымы) ұжымдық қарым-қатынастар жөніндегі қызметі 2014 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен АМӨЗ-ында болғандығын хабарлайды.

Мемлекет басшысыҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуыныңмемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан«Ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы»(АКШ) және «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы» (МТӨК) инвестициялық жобаларының барысымен танысты.

«АКШ құрылысы» жобасы аясында мұнай химиясы үшін шикізат (бензол және параксилол) өндіру қарастырылған. Келісім шарт құны - 1 064 млн. АҚШ доллары. 2010 жылдан бастап АМӨЗ-нда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін мемлекеттік комиссия 2014 жылдың қыркүйегінде қабылдап алады.

АКШ жобалық қуаттылыққа шыққаннан соң құрамындағы күкіртті қосылыстар, ароматикалық көмірсутектер мен бензолды төмендетудің нәтижесінде сапасы жөнінен Еуростандарт талаптарына сай келетін автокөлік бензин өндірісі; Қазақстанда бензол және параксилол өндірісі жөнінен бірінші мұнай химия өндірісін құру; атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар мөлшерін азайту (көміртек тотығы және азот) және заманауи технологиялар мен технологиялық жабдықтарды қолдану есебінен қоршаған ортаға әсерді төмендету қамтамасыз етілмек.

АМӨЗ-ында іске асырылып жатқан екінші ірі жоба -«Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы» (МТӨК). «МТӨК құрылысы» Келісім шартының құны -1680 млн. АҚШ доллары. Атырау МӨЗ-нда мұнай өңдеу тереңдігін арттыру мәселесін түбегейлі шешу қосымша өңдеу тереңдігін қамтамасыз ететін екінші процестерді (кокстеу, АВТ-3 вакуумды блогы), сондай-ақ каталитикалық крекингті енгізумен тікелей байланысты. Бұл комплекс жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат өңдеуге (қарамай, вакуумды газойль) есептелген.5,5 млн.тонна жылдық мұнай өңдеу қуаты жағдайында АМӨЗ1 миллион 745 мың тонна автокөлік бензинін, 1миллион 640 мың тонна дизель отынын, 244 мың тонна авиакеросин өндіретін болады. Қарамай өндірісі 193 мың тоннаға дейін азаяды. Барлық мотор отындары Евро-5 стандартына сәйкестендіріледі.

«АМӨЗ-ндағы МТӨК құрылысы» жобасы зауыттың отын өнімдерінің экологиялық сапасын жақсарту, бағалы мұнай шикізатын тиімді пайдалану және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

«МТӨК құрылысы» жобасы аясында бүгінде жобалау жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар мен материалдарды жеткізуге тапсырыстар ілінді.2014 жылдың 2-тоқсанында кең ауқымды құрылыс жұмыстары басталмақ.

Анықтама:

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 1945 жылы пайдалануға берілді. Негізгі қызмет түрі: отындық нұсқада мұнай өңдеу.

99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>