Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясы 20 жылдық мерейтойын атап өтті

01.10.2018

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының ірге тасының қаланғанына 20 жыл толып отыр. Айтулы шараға отандық және Ресей, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Голландия, Дания, Грузия, Румыниядан шетел іскерлік серіктестері, мұнай компанияларының, соның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Теңізшевройл» ЖШС басшылары, Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктерінің, «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» қауымдастығының өкілдері, компания өз қамқорлығына алған екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері, Компанияның Бақылау кеңесінің бұрынғы басшылары, сондай-ақ әр жылдары компания­ны басқарған басшылар жиналып, мерейтой иелерін құттықтады. 
Қонақтарға компания қалыптасуының, теңіз операциялар базасы құрылуының, жаңа кемемен толықтырылуының 20 жылдық тарихын баяндайтын деректі фильм көрсетілді. Осы кезең ішінде кеме қатынасы компаниясы еліміздің іргелі күретамырының біріне айнала білді. Компания өзінің басты мақсаты болып табылатын Каспий, Қара теңіз және Жер Орта теңізі бассейндерінде отандық теңіз флотын құру, мұнай және мұнай өнімдерін әлемдік рынокке тасымалдау, сондай-ақ өзіміздің кеме жөндеу базасын қалыптастыру ісінде біраз жетістіктерге жетті. Компанияның танкерлері халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай және мұнай тасымалдау үшін оларды Chevron, NCOC, Shell, Exxon Mobil, Total сияқты жетекші халықаралық энергетикалық компаниялар мақұлдады. Жеке кемелері пайда болған кезге дейін Қазақтеңізкөлікфлоты жалға алынғандарды пайдаланды. Компания үшін бұл кезең тәжірибе жинақтау кезеңі болды. Теңіз сауда кемелерімен жұмыс жасады, теңіз арқылы тасымалдаудың ерекшелігімен танысты. 
ҚТКФ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Оржанов компанияда 2001 жылдан бері еңбек етіп келеді. Компанияның қалыптасу, даму кезеңдері есінде. Оның айтуы бойынша, компания қызметі екі бөлмеден тұратын шағын офистен басталды. Ұжымда бар болғаны төрт адам жұмыс жасады. Жеке флоты болған емес. Ал бүгінде компанияның офисі Ақтау қаласының орталығында орналасып, қаланың ең көрікті және заманауи ғимаратының бірі болып табылады. 
«Қазір біздің флотымыз үлкен, онда шамамен 250 адам еңбек етеді. Проблемаларымыз жоқ деп айтуға болады. Бұрын біз кеме компанияларының тіпті табалдырығынан аттай алмайтын едік, ешкім кіргізбейтін жағдайлар болды. Өйткені ҚТКФ туралы ешкім білмеді. Қазір бізбен санасады, құрметтейді. Бұрын біз тек Каспий теңізінде ғана жұмыс істеп, ашық теңіздер туралы армандаған болсақ, енді қазір біз Каспийдің көшбасшылары атанып, кемелеріміз Жер Орта және Қара теңіздерінде, Англияда, Түркияда жүреді. Бизнестің ауқымы да, флотымыз да кеңейді. Келешекте кемелер санын 50-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деп баяндады Айдар Оржанов. 
Жиырма жыл ішінде Қазақтеңізкөлікфлоты Каспий теңізінде 70 млн тоннадан астам және ашық теңіздерде 32 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады. Қазіргі уақытта ҚТКФ Қазақстандағы ең ірі және заманауи флоттың иесі: 26 кемесі бар, соның ішінде 8 танкер (Каспийде – 6 және Қара теңізде – 2), 3 мамандандырылған және көпфункционалды кеме. Бұдан басқа, теңіз операцияларын қолдау қорында 16 буксир және баржа-алаңдары бар. 
Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы Каспий теңізі арқылы мұнай құйылған жүктерді тасымалдаумен ғана айналыспай, мұнайдың апатты төгілуін жою бойынша қызметтер көрсетеді. ҚТКФ 2016 жылдан бастап «Теңізшевройл» компаниясымен келісімшарт жасап, «Теңізшевройлды» болашақта кеңейту жобасы шеңберінде ірі габаритті модульдерді тасымалдаумен айналысуда. Бұдан бөлек, компанияның флоты контейнерлерді тасымалдауға арналған кемелермен үнемі толықтырылып отырады. 
ҚТКФ өңір бюджетін толықтыруда да көш бастап тұр. Жұмыс жасау жылдары ішінде мекеме кірісі жалпы 272 млрд 604 млн теңгені құрап, бюджетке 6 млрд теңгеден астам корпоративтік табыс салығы аударылды. Экономикада болып жатқан келеңсіз жағдайларға қарамастан, Қазақтеңізкөлікфлоты өндірістік қызметтің оң қаржылық нәтижесін көрсетіп келеді. Осы фактіні өз құттықтау сөзінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов та атап өтіп, компанияның өңірдің ең ірі салық төлеушісі екендігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, Е. Тоғжанов Каспий теңізіндегі мұнай кен орындарын игеру бойынша алдағы уақыттағы жобалардың жұмысындағы зор әлеуетін де атап айтты. 
«Контейнермен тасымалдау қажеттілігі 2020 жылға дейін 60 есеге ұлғаяды. Қазір компанияларыңыз Қашаған бойынша ауқымды жобаны жүргізіп келеді, Сіздерге үлкен жүк артылып отыр. Осы жоба іске асырылған кезде Сіздердің ірі танкерлеріңіз бұл жұмысқа тартылатын болады. Компанияларыңыздың болашағы зор, маңызды әлеуетті мүмкіндіктері көп. Бұл жайында Қазақстан Президенті үнемі айтып жүреді. Сондықтан бізге жаңа мамандар мен тың технологиялар қажет. Көрші мемлекеттердің, соның ішінде Баку қаласының порттары «Қазақтеңізкөлікфлотын» Қазақстанның теңіз әлеуетіндегі ең мықты компания екенін мойындап отыр. Сіздерге атқарған жұмыстарыңыз үшін және еліміздің беделін арттырып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деді өңір басшысы. 
Одан кейін марапаттау рәсімі басталды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов компания қызметкерлеріне Энергетика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі атынан марапаттар тапсырды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай тасымалдау жөніндегі атқарушы директоры Нұртас Шманов ҚТКФ қызметкерлерін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Kazenergy» қауымдастығының наградаларымен марапаттады. Компанияның бас директоры Марат Орманов үздіктерге ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының естелік төсбелгілерін, сондай-ақ Құрмет грамота және Алғыс хаттарды табыстады. 
ҚТКФ Бас директоры Марат Орманов жиырма жыл ішінде компания өз ұжымының еңбегі және барлық серіктестерінің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізгендігін айтып өтті.
«Осы жылдар ішінде біздің ұжымымыз бірлігі жарасқан отбасыға айналды. Әрқайсымыз өз үлесімізді қосып келеміз. Ұзақ уақыт бойы ынтымақта жұмыс жасап жүрген біздің серіктестерімізді – теңіз компаниялары, порттар, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың өкілдерін де атап өткім келеді. Сіздермен бірге біз дұрыс бағытта дамып, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар құрып, жаңа биіктерді бағындыратын боламыз. Бүгінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» сыртқы кері факторларға мойынсұнбай, бәсекелестерге қарамастан еңбек етіп, жұмыстанып келеді. Міне, сол себепті Каспий теңізінің акваториясы саласындағы көшбасшы атандық. Біз осымен тоқтап қалмай, алға қарай ұмытылып, оң нәтижелерге жетуіміз керек. Сіздер сияқты ұжымның арқасында біз жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік, межеленген міндеттерді орындадық. «Қазақтеңізкөлікфлоты» әлі де дамып, кеңейтуды жоспарлап отыр. Жаңа көкжиектерді бағындырып, мол табыстарға жетуді көздейді!» – Марат Орманов өз ұжымын құттықтап, рухтандырды. 
Мерейтойды атап өту барысында әрбір қызметкерге құрмет көрсетілді, ешкім елеусіз қалмады. 
«Біздің компания үнемі даму үстінде, жаңа кемелермен толықтырылып отырады. Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына баса көңіл бөлінуде. Жалақымыз тұрақты, сыйақылар беріледі, әлеуметтік пакеті және медициналық сақтандыруымыз да жақсы», – дейді үшінші капитан Мейрам Алдабергенов.
Ол «Ақтөбе» танкерінде төрт жыл бойы еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде апат болғаны есінде жоқ. Каспий теңізі әлемдегі ең дамылсыз теңіздердің бірі болып есептеледі: жылына 60 күн дауыл соғады. Тиісінше, ҚТКФ командасы алдында тұрған ең басты міндет – жүктердің қауіпсіз тасымалдауын қамтамасыз ету. Бұл міндетті теңіз компаниясының ұжымы ойдағыдай орындауда. Экипаждың үйлесімді жұмысының арқасында жүктер еш бүлінбей, тапсырыс берушілерге дейін бүтіндей жетіп тұрады. Бұған ұжым қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері ғана емес, сондай-ақ ҚТКФ-те жасалған еңбек етудің қолайлы жағдайлары да өз септігін тигізеді. 
Компания өзінің 20 жылдық мерейтойының құрметіне «Әрқашан дұрыс бағытта» атты кітап шығарды. Кітаптың атауы «Қазақтеңізкөлікфлоты» 20 жыл бойы ұстанып келген ұраны. Кітапта компанияның құрылуының, табысқа жетуінің барлық кезеңдері баяндалған. Сондай-ақ, кітапқа Кас­пий және ашық теңіздердегі мұнай құйылған жүктерді тасымалдау міндеттерін дамыту жөніндегі деректер енгізілген. 
Жиырма жылдық тарихтың мақсаты – мықты, бәсекеге қабілетті отандық сауда флотын құру – орындалды. Ендігі мақсат – теңіз сауда флоты саласында табиғатты қорғаудың озық технологиялық шешімдерді қолдана отырып, үлкен көлемде және қысқа мерзім ішінде отандық және транзиттік жүктердің жылдам тасымалдануын қамтамасыз ететін заманауи, бәсекеге қабілетті паромды флот құру. 
Компания ұжымына Қазақстанның игілігі жолындағы барлық батыл қадамдары мен бастамаларын жүзеге асыруда тың табыстар тілейміз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>