Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Келісімшартқа қол қойылды

30.01.2014

Осы жылдың 30 қаңтар күні «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (паритеттік негізде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және СNPC иеленеді) және қытайлық СРЕСС компаниясы ПҚОП-ты жаңғырту жобасын іс жүзінде ендіру сатысына өту аясында жұмыс құжаттаманы әзiрлеу, құрал-жабдық пен материалдарды сатып алу, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша келісім-шарт (ЕРС-келісім-шарт) жасасты.

Нафтаны изомерлеу қондырғысын «ПҚОП» ЖШС-нде салу Қазақстан Республикасының Мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың кешенді жоспарына және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

Алғашқы iске қосу кешенiн іске асыру шеңберінде жылдық қуаты 600 мың тонна болатын Нафтаны изомерлеу қондырғысын салу жоспарлануда; бұл қондырғы жоғары октанды жанармайды өндіру үдерісін жетілдірудің және өндірісте жаңа технологияларды қолданудың есебінен қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, 2016 жылға қарай ПҚОП Кедендік Одақтың Техникалық регламенті талаптары бойынша К4 және К5 экологиялық кластарға сәйкес болатын сапалы және қауіпсіз жоғары октанды жанармайды өндіруге көшеді деп күтілуде.

- UOP компаниясы-лицензия иесiнің мәлімдеуінше, Шымкент МӨЗ үшін жобаланған изомерлеу қондырғысы жоғары технологиялық және әлемдік стандарттардың соңғы талаптарына сай құрылғы болып табылады. – деп атап өтті «ПҚОП» ЖШС Бірінші Вице-Президенті Асылбек Кәрібаев.

Нафтаны изомерлеу қондырғысының құрылысы 2015 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

«ПетроҚазақстан» компаниясының Алматыдағы баспасөз қызметі

Тел. (727) 258 1848 / факс (727) 258 1860

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметі

Тел.(7252) 940 347 / факс (7252) 940 351

«ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ баспасөз қызметі

Тел.(7172) 975 718

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін білдіретін, көмірсутекті барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі.

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100 пайызды еншілес ұйымы. Компанияның активінде – Атырау МӨЗ (99,5%), Шымкент МӨЗ (49,7%), Павлодар МХЗ (100%) бар. Қызметінің негізгі бағыттары: мұнай өңдеуші активтерді басқару, мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттау, мұнай өнімдерін сатудың бөлшек сауда торабын дамыту.

«ПетроҚазақстан» тігінен интеграцияланған мұнай-газ тобы болып табылады, топты «Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы» жанама түрде және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы иеленеді. Топ барлау, игеру, мұнай мен газ өндірумен, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сатумен айналысады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>