Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

10.09.2018

Астана, 2018 жыл 10 қыркүйек - Қазақстанның жетекші тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялайды.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық көрсеткіштер[1]:

  • Түсім 2017 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 62%-ға өсті және 3 356 млрд теңгені құрады (10 279 млн АҚШ доллары);
  • Таза пайда 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 32%-ға, 359,7 млрд теңгеге дейін (1 102 млн АҚШ доллары) өсті;
  • Күрделі шығындар есепті кезең ішінде 177 млрд теңгені (542 млн АҚШ доллары) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 33%-ға төмен;
  • EBITDA[2] көрсеткіші 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 49%-ға өсті және 909 млрд теңгені (2 784 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Компанияның таза қарызы 2 163 млрд теңгені (6 344 млн АҚШ доллары) құрайды.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық көрсеткіштер[3]:

  • Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 1%-ға 11 769 мың тоннаға дейін (тәулігіне 494 мың баррель[4]) өсті;
  • Табиғи және ілеспе газды өндіру өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға ұлғайып, 4 123 млн м3 құрады;
  • Мұнайды тасымалдау көлемі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2%-ға 37 107 мың тоннаға дейін өсті;
  • Газ тасымалдау көлемі 2017 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15%-ға артып, 54,9 млрд м3 құрады;
  • Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу көлемі 9 829 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көлемнен 11%-ға артық. Осы көрсеткіш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарындағы 6 549 мың тонна мөлшеріндегі және KMG International («KMG I») зауыттарындағы  3 281 мың тонна мөлшеріндегі көлемді қамтиды;
  • Мұнай мен конденсат сату көлемі өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 9%-ға 9 330 мың тоннаға дейін ұлғайды;
  • Газды, соның ішінде сатып алынған газды өткізу көлемі өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 37%-ға ұлғайып, 12 003 млн м3 құрады.

Басты өндірістік және корпоративтік оқиғалар:

Корпоративтік оқиғалар

  • 2018 жылдың сәуірінде Айдарбаев Алик Серікұлы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Самұрық-Қазына») мүддесінің өкілі ретінде ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды;
  • 2018 жылдың 10 мамырынан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның («ҚМГ БӨ») жаһандық депозитарлық қолхаттары мен жай акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізімінен шығарылды. ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ-ге жай акциялардың шамамен 99,6%-ы тиесілі;
  • 2018 жылдың маусымында ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры Филип Джон Дайер сайланды;
  • KMG I-ге қатысу үлесінің 51%-ын сатып алу бойынша ҚМГ мен CEFC China Energy арасындағы мәміле өз күшін жойды. ҚМГ қызмет нәтижелерінің толық шоғырлануымен KMG I компаниясын иемдену мен басқаруды жалғастырады;
  • 2018 жылдың шілдесінде «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС-нің (ҚМГ - 25% және Air Liquide Eastern Europe S.A. - 75% бірлескен кәсіпорны) жарғылық капиталы 5 869 млн теңге сомасына ұлғайтылды, осы қаражаттың 1 467 млн теңгесі ҚМГ үлесіне тиесілі. Жарғылық капиталды ұлғайтудың негізгі мақсаты – Павлодар мұнай-химия зауытынан сутекті өндіру қондырғысын сатып алу;
  • 2018 жылдың шілдесінде ҚМГ «KPI Inc.» ЖШС-ін (полипропилен өндірісі кешенінің құрылысы жөніндегі «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің (Самұрық-Қазынаның еншілес ұйымы) еншілес ұйымы) сенімгерлік басқаруға қабылдады, мақсаты ҚМГ-ның мол тәжірибесі мен сараптамасын ескере отырып, осы инвестициялық жобаны басқару.

Операциялық оқиғалар

  • 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қашаған кен орнында («Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» операторы) мұнай өндіру 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 76%-ға өсті және 6 173 мың тонна мұнайды (ҚМГ үлесі – 511 мың тонна) немесе жартыжылдықта орташа есеппен тәулігіне 270 мың баррельді құрады. Бұл өсім 2017 жылдың тамызында шикі газды қабатқа қайта айдау жүйесінің пайдалануға берілуіне, сондай-ақ жабдықтың беріктігі жоғарылуына және пайдалану коэффициентінің ұлғаюына байланысты болды;
  • «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырында үш компрессорлық станцияның құрылысы» жобасын іске асыруға кірісті, мақсаты – Қытайға жылына 10 млрд  м3 дейінгі көлемде қазақстандық газдың экспорты үшін газ құбырының өткізу қабілетін арттыру;
  • Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғырту шеңберінде іске қосу-реттеу жұмыстарының аяқталуы және толық жобалық қуатқа шығу 2018 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған;
  • 2018 жылдың қаңтарында Павлодар мұнай-химия зауыты мен Шымкент мұнай өңдеу зауыты К4 және К5 экологиялық кластың отын стандарттарына көшті.

Қаржылық оқиғалар

  • 2018 жылдың қаңтары мен сәуірінде ҚМГ, 2017 жылдың желтоқсанында қол қойылған Теңізшевройлдің («ТШО»)[5] шикі мұнайын жеткізу туралы шартқа қосымша келісімге сәйкес, 500 млн АҚШ доллары жалпы сомасына алдын ала төлемнің қосымша екі траншын алды;
  • 2018 жылдың сәуірі мен қыркүйегінде ҚМГ ТШО-дан тиісінше 102 және 85 млн АҚШ доллары көлемінде дививенд алды;
  • 2018 жылдың сәуірінде «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырында үш компрессорлық станцияның құрылысы» жобасын қаржыландыру үшін 200 млн АҚШ доллары көлемінде біріктірілген қарыз алды;
  • 2018 жылдың мамырында ҚМГ жиынтықты номиналды көлемі 3,1 млрд АҚШ долларын құрайтын шығарылған еурооблигацияларды мерзімнен бұрын және толық көлемде өтеді, олар 3,25 млрд АҚШ доллары еурооблигацияларды шығару есебінен қаржыландырылған болатын;
  • 2018 жылдың 2 шілдесінде ҚМГ 1,6 млрд АҚШ доллары жалпы сомасына 2008 жылы шығарылған облигациялардың толық өтелуін жүзеге асырды;
  • 2018 жылдың шілдесінде қол қойылған Аванс беру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісімге сәйкес 2018 жылдың 6 тамызында ҚМГ Қашаған Б.В. 600 млн АҚШ доллары мөлшерінде қосымша аванс алды. Қаражат Солтүстік-Каспий жобасына қатысудың 8,44% үлесі үшін консорциум қатысушылары алдында 844 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі борыштың соңғы траншын өтеуге бағытталды;
  • 2018 жылдың 13 тамызында ҚМГ БӨ «Қазақстан Қор Биржасы» АҚ-да өзінің артықшылықты акцияларын 1 905 209 акцияға дейінгі (яғни, еркін айналымдағы ҚМГ БӨ-нің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 100%-ға дейінгі) мөлшерде бір артықшылықты акцияға 12 800 теңге бағасымен сатып алу бағдарламасын жариялады. Бұл баға 2018 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 30 күн бұрын мөлшері бойынша орташа өлшемді бағаға қатысты сыйақының 24,4%-ын құрайды. Артықшылықты акцияларды сатып алу 2018 жылдың                                 13 тамызынан 16 қарашасына дейін жүргізіледі. 2018 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚМГ БӨ 3,8 млрд теңгеге 294 702 артықшылықты акцияларды сатып алды. 

2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелер[6]

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында түсім 3 356 млрд теңгені (10 279 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 62%-ға жоғары. Өсім Брент маркалы мұнайдың орташа бағасының 37%-ға ұлғаюына және KMG I мұнайы мен мұнай өнімдерін сату көлемдерінің өсуіне негізделген. KMG I мұнайы мен мұнай өнімдерін сатудан түскен түсім 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында, тиісінше, 855 млрд теңге (2 619  млн АҚШ долл.) және 1 070,5 млрд теңгені (3 279  млн АҚШ долл.) құрады. ТШО мұнайы мен сұйытылған газын жеткізудің ұзақ мерзімді шарты бойынша түсім   778,5 млрд теңгеге (2 384  млн АҚШ долл.) дейін ұлғайды. Қазақстандық газды Қытайға экспорттау (ҚТГ мен PetroChina International Company Limited арасында қол қойылған экспорттық шартқа сәйкес 2017 жылдың қазанынан бастап) есепті кезеңде газды сатудан түскен түсімді 2 еседен артық 231,6 млрд теңгеге (709 млн АҚШ доллары) дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.  

Есепті кезеңде сатудың өзіндік құны 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 66%-ға артып, 2 614 млрд теңгені (8 008 млн АҚШ долл.) құрады. Өзіндік құнның өсуіне KMG I-дің сатып алатын мұнай мен мұнай өнімдерінің құны мен көлемдерінің ұлғаюы әсерін тигізді, бұл зауыттарда өңдеу көлемдерінің өсуіне және мұнай мен мұнай өнімдерін сату көлемдерінің артуына негізделген.  KMG I-дің мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығын сомасы тиісінше, 702 млрд теңге (2 151 млн АҚШ долл.) және 226 млрд теңгені (693 млн АҚШ долл.) құрады. Сондай-ақ, Брент маркалы мұнайдың орташа бағасының өсуіне байланысты мұнай мен сұйытылған газды жеткізудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде мұнай мен сұйытылған газды сатып алу шығындары 556,5 млрд теңгеге (1 704 млн АҚШ долл) дейін ұлғайды.  

ҚМГ операциялық кірісі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 289 млрд теңгені (885 млн АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 21%-ға жоғары.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында қауымдастырылған компаниялар мен БК-ның таза кірісіндегі ҚМГ үлесі 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 88%-ға ұлғайып, 337 млрд теңге (1 033 млн АҚШ долл.) құрады. Ұлғаюдың негізгі факторы ТШО кірісінің өсімі болып табылады, ол есепті кезеңде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өсті. ҚМГ үлесі 220 млрд теңгені (673 млн АҚШ долл.) құрады.

Есепті кезеңде Компанияның таза кірісі 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 32%-ға ұлғайды және  272 млрд теңгеге (854 млн АҚШ долл.) қарсы 360 млрд теңгені (1 102 млн АҚШ долл.) құрады.  

Салық бойынша төлемдер және басқа да міндетті төлемдер 630 млрд теңгені (1 930 млн АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 42%-ға жоғары.

Есепті кезеңде күрделі шығындар 177 млрд теңгені (542 млн АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 33%-ға төмен. Бұл төмендеу қарқынды күрделі салымдар кезеңінің аяқталуымен байланысты болды.  

Есепті кезеңде Компанияның жалпы қарызы 2017 жылдың 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 5%-ға ұлғайып, 4 528 млрд теңгені (13 275 млн АҚШ долл.) құрады. Қарыздың ұлғаюы Атырау мұнай өңдеу зауыты мен KMG I-дің ағымдағы кредит желілерінің игерілуіне, инвестициялық жобаны қаржыландыру мақсатында ҚТГ-ның 200 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз алуына, сондай-ақ ҚМГ Еурооблигацияларын қайта қаржыландыру нәтижесіндегі қарыздың өсуіне негізделген. 2018 жылдың                         2 шілдесінде 1,6 млрд АҚШ доллары мөлшерінде Еурооблигацияларды өтеу жалпы қарызды 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткішке қатысты 10 %-ға төмендетуге мүмкіндік берді.  

2018 жылдың бірінші жартыжылдығы соңында Компанияның таза қарызы 2017 жылдың 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 61%-ға ұлғайып, 2 163 млрд теңгені (6 344 млн АҚШ долл.) құрады, бұл негізінен ҚМГ БӨ-нің өз акцияларын сатып алуына байланысты болды.

Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, соның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты есепті кезеңде 20%-ға азайып, 2 364 млрд теңгені (6 932 млн АҚШ долл.) құрады, бұл ҚМГ БӨ-нің өз акцияларын сатып алуы нәтижесінде орын алды. 

2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық нәтижелер

Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 11 769 мың тонна мұнайды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 1%-ға жоғары. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 2%-ға 4 123 млн м3 дейін өсті.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 511 мың тонна мұнай мен 297 млн м3 газды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен                  76%-ға жоғары. 2017 жылдың тамызында шикі газды қабатқа қайта айдау жүйесінің пайдалануға берілуі, жабдық беріктігінің жоғарылуы және пайдалану коэффициентінің ұлғаюы кен орнында мұнай мен газды өндіру көлемдерін көбейтуге мүмкіндік берді.

ТШО өндіруі көлеміндегі ҚМГ үлесі 2 948 мың тоннаны құрап, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1%-ға өсуді көрсетті, бұл өндірістік қондырғылардың сенімді жұмысының арқасында болды. Газ өндіру 1%-ға азайды және 1 615 млн м3 құрады.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да өндіру көлемі 2 728 мың тоннаға жетті немесе өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1%-ға артық болды. Бұл ретте газ өндіру көлемі 1%-ға кеміп, 307 млн м3 құрады.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 1%-ға өсіп, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1 580 мың тоннаға жетті. Газ өндіру 3%-ға ұлғайды және 197 млн м3 құрады.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 141 мың тонна мұнайды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 19%-ға төмен. Мұнай өндіру көлемінің азаюы 2018 жылы газды жағудың рұқсат етілген көлемдерінің шектелуіне байланысты болды. Осы фактілер 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында газ өндіру көлемінің де 27%-ға 109 млн м3 дейін төмендеуіне әсер етті. 

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 885 мың тонна мұнайды құрады немесе 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда  6%-ға кем болды. Газ өндіру 10%-ға төмендеп, 175 млн м3 құрады. Өндіру көлемдерінің азаюы жаз мезгілінде Қызылорда қаласы тарапынан газды қабылдау бойынша шектеу қою салдарынан жоғары газ факторларымен ұңғымалардың тоқтауына негізделген.  

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай өндіру деңгейінің табиғи азаюына және сулану деңгейінің өсуіне байланысты «ПетроҚазақстан Кумколь Ресорсиз», «Торғай Петролеум» АҚ және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің көнерген кен орындарында өндіру көлемдерінің төмендеуі байқалады.

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 330 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 9%-ға жоғары.

Есепті кезеңде газды сату көлемі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 37%-ға ұлғайып, 12 003 млн м3 жетті. Газ экспорты 4 414 млн м3 дейін 122%-ға ұлғайды, ішкі нарыққа жеткізілімдер 7 589 млн м3 жетіп, 12%-ға өсті.  

Мұнай мен газды тасымалдау

ҚМГ магистральді құбырларымен мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 1%-ға ұлғайып, 33 661 мың тоннаны құрады (ҚМГ үлесін есептегенде)[7].

Мұнайды магистральді тасымалдау көлемінің өсуінің негізгі факторлары «Каспий Құбыр Консорциумы» (КҚК) және «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-нің (МТ) тасымалдау көлемдерінің өсуі болды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында КҚК мен МТ-ның мұнайды магистральді тасымалдау көлеміндегі ҚМГ үлесі, тиісінше,       6 292 мың тонна және 1 078 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен  11% және 5%-ға жоғары. Бұл өсім өндірудің артуына, нәтижесінде, Қашаған кен орнынан мұнай тапсырудың ұлғаюына байланысты болды.   

Мұнайды теңіз көлігімен тасымалдау 2017 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 11%-ға,                     3 446 мың тоннаға дейін ұлғайды. Бұл көрсеткішке жүк тасымалдаушылардың бағыттарын қайта бағдарлаудың және Каспий мен Жерорта теңіздерінің акваторийлеріне тасымалдау көлемінің артуы  арқасында қол жеткізілді.

Есепті кезеңде ҚМГ магистральді газ құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемдері өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15%-ға ұлғайып, 54,9 млрд м3 құрады. Магистральді газ құбырлары бойынша газ тасымалдаудың жалпы көлемінің ұлғаюы негізінен газды экспортқа тасымалдау көлемінің ұлғаюымен байланысты.

Экспорт бағытына қарай газ тасымалдау көлемдері өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 60%-ға ұлғайып, 12,7 млрд м3 құрады. Бұл көрсеткіш Қытай Халық Республикасының (ҚХР) бағытында  газды тасымалдау көлемінің артуы, соның ішінде ҚГТ мен PetroChina International Company Limited арасында қол қойылған экспорттық шартқа сәйкес 2017 жылдың қазан айынан бастап қазақстандық газды ҚХР-ға сату көлемінің ұлғаюы нәтижесінде болды.  

Қайта өңдеу

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында көмірсутек шикізатын қайта өңдеу көлемі 9 829 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 13%-ға жоғары.  

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын қайта өңдеу көлемі өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 5%-ға өсті, өсім мұнайды ішкі нарыққа жеткізу бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін ұлғайту және мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуатын арту есебінен болды: 

  • Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 2 604 мың тонна, өсім 4%;
  • Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) 2 785 мың тонна, өсім 5%;
  • Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП) 973 мың тонна, ұлғаю 3%;
  • Caspi Bitum-да 242 мың тонна, өсім 30%.

KMG I зауыттарында қайта өңдеу 3 281 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары:

  • Петромидия зауытында (Румыния) 3 087 мың тонна, өсім 27%, ауа-райының қолайлы жағдайларына және 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында зауыт қызметін оңтайландыру бойынша енгізілген бастамаларға, сондай-ақ 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында зауыт қызметін тоқтатып қоюға байланысты;
  • Вега зауытында (Румыния) 194 мың тонна, өсім 28%, Петромидия зауытынан қайта өңдеу мақсатында шикізаттың жеткізілімін ұлғайту нәтижесінде болды.

Егжей-тегжейлі ақпарат www.kmg.kz сайтында орналастырылған.   

Байланыс:        

ir@kmg.kz

тел: +7 7172 78 62 27

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) Қазақстанның жетекші тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутегілерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және мамандандырылған қызметтерді көрсетуге дейін барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылды, еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүдделерін білдіреді.

[1] Сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша ыңғайлық үшін АҚШ долларында көрсетілген (2018 және 2017 жж. бірінші жартыжылдығындағы орташа бағамдар, тиісінше, 326,49 және 318,75  теңге/АҚШ долл. құрады; кезең соңындағы – 2018 ж. 30 маусымдағы және 2017 ж. 31 желтоқсандағы бағамдар, тиісінше, 341,08 және 332,33 теңге/АҚШ долл. құрады).

[2] Earnings before interest, taxes, depreciation and amortization (EBITDA) – пайыздарды, салықтарды төлеу шығындары және тозу мен есептелген амортизация бойынша шығындар шегерілгенге дейінгі түсім көлеміне тең көрсеткіш. 

[3] Операциялық көрсеткіштер ҚМГ-ның тиісті активтердегі үлестері есептеліп көрсетілген.

[4] Мұнай мен газ конденсатынының 7,6 баррелін тоннаға қайта есептеу коэффициенті тек қана ақпараттық мақсат үшін қолданылады. Баррельдің нақты көлемі осында көрсетілген шикі мұнай баррелінің эквиваленттеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

[5] Компания 2016 жылы ТШО шикі мұнайы мен сұйытылған газды жеткізуге ұзақ мерзімді шартқа қол қойды. Шарт талаптарына сәйкес Компания шартқа қол қойылған сәттен бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін тиісінше шамамен 38 миллион тоннаға және                         1 миллион тоннаға тең мұнай мен сұйытылған газдың минималды көлемін жеткізеді.

[6] 2018 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ҚМГ KMG I-ді тоқтатылған қызмет ретінде тануды тоқтатты, өйткені тараптар KMG I-ге қатысудың 51%-дық үлесін сатып алу-сату шартының талаптары болып табылатын мәмілені жабу рәсімдерін аяқтаған жоқ және тиісінше, мәміле автоматты түрде тоқтатылды. Тиісінше, KMG I-дің активтері мен міндеттемелері тоқтатылған қызметтен ұзартылған қызметке ауыстырылды. Өткен кезеңнің салыстырмалы көрсеткіштері де ХҚЕС талаптарына сәйкес қайта есептелді.     

[7] Мұнайды тасымалдау көлемі ҚМГ операциялық үлесін ескере отырып, әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемін есепке алады. Мұнай көлемінің бір бөлігін екі не үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және осы көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен көп есепке алынады. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>