Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Румыниямен ынтымақтастық көкжиегі кеңи түсті

28.01.2014

Румыния Үкіметі өзінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы қаулысымен өткен жылдың ақпан айында Ромпетрол компаниясы («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 100 пайыздық еншілес кәсіпорны) мен Румыния Энергетика министрлігі мемлекеттік акция пакеттерін басқару және жекешелендіру жөніндегі Агентігі арасындағы қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандум ережелерін түпкілікті бекітті.

Меморандумның негізгі ережелері болып Румыния Үкіметінен Ромпетрол Рафинаре (Ромпетрол Групп еншілес компаниясы – «Петромидия» МӨЗ операторы) компаниясының 26,7 пайыз акциясын 200 млн. АҚШ долларына сатып алу, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ стратегиялық мүдделеріне сәйкес келетін Румыния энергетикалық секторындағы жобаларды жүзеге асыру үшін біріккен инвестициялық қор құру болып табылады.

Бухарест қаласында 27 қаңтарда болған Румыния Премьер-Министрімен кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы С. Мыңбаев «Біз румын атқарушы билігінің барлық тараптарға өзара тиімді шешімдерді қарастыруы мен қабылдауына дайындығын жоғары бағалаймыз. Нақты түсіністік пен елдегі экономикалық ахуалды болжауды талап ететін, сонымен бірге жаңа инвестициялық жобаларды тарту мен іске асыру барысында қолдауды қажет ететін мұндай жағымды жағдай жергілікті іскерлік қауымдастық үшін ауадай қажет»,- деп мәлімдеді.

Ромпетрол компаниясы Меморандум ережелерін заңнамалық процедуралар аяқталғаннан кейін тез арада іске асыруға кірісуге дайын. Атап өтер маңызды жайт, инвестициялық қор аясында инвестициялық бағдарламаларды жалғастыру Қара теңіз бассейні аймағында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың халықаралық ірі ойыншы ретіндегі позициясын күшейте түсуге мүмкіндік береді.

Инвестициялық қор осы саладағы үздік тәжірибеге сәйкес Румыния мемлекеті мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тараптарының мүдделерін сақтай отырып жұмыс істейтін болады. Инвестицияның жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларын құрауы мүмкін. Жобаларды қаржыландыру «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың инвестициялық саясатына сәйкес капитал нарығындағы қорлардың қарыз алысу есебінен, сонымен қатар жекелей алғандағы жобалардың деңгейінде басқа инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

«Румыниядағы Ромпетрол компаниясының қызметін дамыту аймақтағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ стратегиялық мүдделерін одан әрі қолдауды және компанияның әлемдегі 30 ірі мұнайгаз компаниясының қатарына енуін қамтамасыз етеді»,- деп қорытындылады С. Мыңбаев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>