ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларды KASE-де сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттықтың қорытындысын жариялайды
04.09.2018
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2018 жылдың тамыздың 17-і мен 28-і күндері аралығында KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілгенін хабарлайды.
Мамандандырылған сауда-саттықты өткізудің қорытындысы бойынша Компания 294 702 артықшылықты акцияны данасына 12 800 теңгеден сатуға өтінімдерді қанағаттандырды. Сатып алудың жиынтықты сомасы 3 772 185 600 теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Компания тамыздың 13-і күні еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акцияларын 1 905 209 акцияға дейінгі мөлшерде бір данасына 12 800 теңге бағасымен сатып алатындығы туралы жариялады. Артықшылықты акцияларды сатып алу 2018 жылдың 16 қарашасына дейін жалғасады.