Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Электрондық конкурс тәсілімен «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ акцияларының 100% пакетін сату жөніндегі сауда-саттық өткізу туралы

10.08.2018

2018 жылдың 9 тамызында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (одан әрі – ҚМГ)  2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (одан әрі – ҚБТУ) акцияларының 100% пакетін сату жөніндегі сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 «2016–2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес ҚБТУ бәсекелестік ортаға тапсыруға жатады.

ҚБТУ сату «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (одан әрі –  Қор) активтерді сату, қайта құрылымдау Бірыңғай тәртібіне сәйкес және елу пайыздан астам дауыс беру акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама меншік иесі құқығы Қорға тиесілі ұйымдармен жүзеге асырылады.

Сату процесінің ашықтығы мен сауда-саттыққа әлеуетті инвесторларды барынша тарту мақсатында сауда-саттық Қаржы министрлігінің электронды алаңқайында www.gosreestr.kz. электрондық тәсілмен жүргізіледі.

Сауда-саттық 2018 жылдың 6 қарашасында болады. КБТУ бастапқы бағасы  11 364 544 мың теңге сомасында тәуелсіз бағалаушымен анықталды.

Барынша егжей-тегжейлі ақпарат www.kmg.kz  және www.gosreestr.kz. веб-сайттарында берілген.

ҚБТУ – ҚМГ-ның 100% еншілес компаниясы. ҚБТУ қызметінің негізгі түрлеріне білім беру қызметі, ғылым, білім мен өндірістің интеграциясын қамтамасыз ету құралы ретінде ғылыми-зерттеу қызметі, Қазақстанның мұнай саласындағы кәсіпорындарының техника-технологиялық проблемаларын шешуге бағытталған ғылыми-өндірістік қызмет жатады. ҚБТУ Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторы үшін кәсіби кадрларды даярлауға бағдарланған және бакалавриат, магистратура мен докторантурадан тұратын білім беру кешені болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа, 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>