Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

The Rompetrol Group атауын KazMunayGas International деп өзгертті

17.03.2014

«The Rompetrol Group N.V.»Директорлар кеңесі компания атауын «KazMunayGas International N.V.»деп өзгертуге шешім қабылдады.

«Ромпетрол компаниясының атауының өзгертілуі «ҚазМұнайГаз» брендін одан әрі алға жылжыту жөніндегі ҚМГ стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. «Бір шатырдың астындағы бренд» ҚМГ компаниялар тобының ішкі рыноктағы да, сыртқы рыноктағы да нарықтық ұстанымдарын күшейту үшін қажетті шарт екені даусыз», - деп атап өтті  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сыртқы өңдеу мен маркетинг жөніндегі атқарушы директоры - «Rompetrol» Тобының Бас директоры Жанат Түсіпбеков. 

Өзгеріс Топтың басқару бөлімшесі – Румынияның Бухарест қаласында орналасқан «The Rompetrol Group Corporate Center S.R.L.»-де де болады.  Топтың корпоративтік орталық басқару функциясын атқаратын бұл компания   «KMG Rompetrol» деп өзгертілді.

Сонымен бірге Румыния территориясы мен шетелдерде танымал және өзінің позициясын бекіткен Rompetrol бренді сақталады.   

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>