Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Б. Сағынтаев Атырау МӨЗ жаңа қондырғыларын іске қосу жұмыстарының барысын бақылады

13.04.2018

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Б. Сағынтаев өзінің Атырау облысына жұмыс сапары кезінде «Атырау МӨЗ» зауытында болып, Мұнайды терең өңдеу кешенінің (МТӨК) технологиялық қондырғыларын іске қосудың соңғы кезеңімен танысты.

Аралап қарау кезінде Б. Сағынтаев қолдануға берілген мұнайдың ауыр қалдықтарын ашық мұнай өнімдерін шығара отырып өңдеуге қажетті каталитикалық крекинг қондырғысында болды.

Премьер-министрге іске қосу жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Бұл жұмыстар аясында каталитикалық крекинг, сұйытылған газды тазарту және күкірт шығаратын құрамдастырылған қондырғылары іске қосылған болатын.

Қазіргі кезде жоғары октанды автомобиль бензині компоненттерін алуға арналған бутендерді олигомеризациялау қондырғысын, сондай-ақ сутек шығару және тазарту қондырғыларын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Кешеннің басқа қондырғыларында іске қосу-реттеу жұмыстары жалғасуда. Іске қосу-реттеу жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айының соңына аяқтау жоспарланған.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 29 наурызында каталитикалық крекингтің негізгі қондырығысын  іске қосу жұмыстары барысында автобензиннің алғашқы тәжірибелік-өндірістік партиясы алынды. Бұл кезде АМӨЗ-да тауарлы автобензинін өндіру екі еседен астам ұлғайды (тәулігіне 1900 тоннадан 4500 тоннаға дейін).

МТӨК-де іске қосу операциялары аяқталғаннан кейін ашық мұнай өнімдерін өндіру көлемі артады:

- жоғары октанды бензин – жылына 643 тоннадан 1 600 тоннаға дейін;

- авиаотын – жылына 21 мың тоннадан 75 мың тоннаға дейін және әрі қарай 250 мың тоннаға жеткізілетін болады.

Қара май (мазут) өндіру жылына 1 495 мыңнан 600 мың тоннаға дейін азаяды.

Мұнайды терең өңдеу кешенін іске қосу автомобиль бензині құрамындағы күкіртті, бензолды және хош иісті көмірсутектерді азайту есебінен экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.

Анықтама:

«Атырау МӨЗ қайта құрылымдау және жаңғырту» жобасы екі кезеңнен тұрады - хош иісті көмірсутектер өндірісі кешенінің құрылысы және мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы. Бірінші кезең 2016 жылы табысты аяқталды. Хош иісті көмірсутектер өндірісі кешенінің Қазақстанның мұнай өндіру және мұнай химиясы саласы үшін үлкен маңызға ие, өйткені ол ішкі нарықты жоғары октанды бензинмен қамтуға, ал мұнай химиясын шикізат: бензол және параксилолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Кешен ішкі нарыққа арналған жоғары октанды бензин шығаруды ұлғайта отырып, отындық нұсқада жұмыс жасауда.

МТӨК-ің іске қосылуымен ашық мұнай өндірісі ұлғайып қана қоймай, сондай-ақ экологиялық таза К4/К5 сыныпты дизель отынды 100% өндіруге қол жеткізіледі. Каталитикалық крекинг кешені екі регенераторымен тәуелсіз Қазақстан аумағында алғаш салынғанын атап өткен жөн. Және техникалық жағынан күрделі құрылыс жұмыс жасап тұрған өндіріс жағдайында жүргізілді.

Құрылыс барысында 1000 астам ірі габаритті жабдықтар орнатылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 4 000 астам адам жұмылдырылды. МТӨК әрі қарай қолдану үшін 490 жаңа жұмыс орындары ашылды. МТӨК өндірістік қызметкерлері қазақстандық және шетелдік ұқсас қондырғыларда дайындықтан өтіп тәжірибе алды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>