Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС клиенттері жанармай үшін енді смартфон арқылы төлей алады

29.03.2018

Төлем жасау күн сайын ыңғайлы болып келеді, енді тұтынушылар «ҚазМұнайГаз» желісінің барлық ЖМҚС-ларында жанармай үшін QR/штрих-код арқылы төлем жасау мүмкіндігі бар.

QR-код арқылы отынға төлем жасау жүйесі өткен жылдан бастап Астана қаласында тестілік режимде жұмыс істей бастады. Осы жылы ноу-хауды басқа өңірлердің тұрғындары да қолдана алады. QR/штрих-код жасау үшін www.azskmg.kz сайтындағы жеке кабинетте, «ҚазМұнайГаз ЖМҚС» мобильді қосымшасында тіркелсе жеткілікті немесе компания филиалдарының сату орталықтарына баруға болады.

Жанармайды сатып алу туралы барлық ақпарат автоматты түрде анықталады және ЖМҚС-да 2D-сканерімен өңделеді, клиент смартфоннан тек QR/штрих-код белгісін көрсетеді. Мобильді гаджет, шын мәнісінде, отын картасы мен электрондық талондарды ауыстыратын болады.

QR-код (ағылш. quick response – жылдам жауап қату) – матрикалық код (қосөлшемді штрих-код) ақпаратты визуалды түрде кодтау үшін түрлі салаларда – ғимаратты және өнімдерді таңбалаудан бастап дүкендерден немесе өндірушілерден бонустарды алуға дейін белсенді қолданылады.

- Компания қарқынды даму мен инновациялар жолында, атап айтқанда клиенттерімізге қолайлы болу үшін төлем жасаудың барынша жетілдірілген тәсілдерін енгізіп отырмыз. Біз Қазақстанда алғашқы болып ЖМҚС-ларда электрондық талондар енгіздік, штрих-код көмегімен төлем жасаудың баламалы тәсілін енгіздік және одан әрі де ЖМҚС-да қолма-қол ақшасыз есеп айырысу саласында ең заманауи технологияларды пайдалануды көздеп отырмыз. Аналитиктердің болжамы бойынша келесі жылдың өзінде әлемдегі төлемдердің жартысы смартфондар арқылы жүргізілетін болады, – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары – коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Төлеміс Шотанов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>