Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ ҰК-нің 2017 жылғы қаржылық және операциялық қорытындылары

26.03.2018

Қазақстанның жетекші тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ ҰК», «Компания») 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған 2017 жылғы ХҚЕС бойынша қаржы қорытындылары мен операциялық көрсеткіштерді жариялайды.

2017 жылғы қаржылық көрсеткіштер:

  • Түсім 2 459 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл ГкГ-ден 65% артық (7 542 млн. АҚШ доллары[1]).
  • Таза пайда 520 млрд. теңгені құрады, бұл ГкГ-ден 44% артық (1 594 млн. АҚШ доллары).
  • Күрделі шығындары 637 млрд. теңге болды, бұл ГкГ-ден 15% артық (1 954 млн. АҚШ доллары). Оның ақшалай күрделі шығыны 464 млрд. теңге (1 424 млн. АҚШ долл.).
  • Таза қарыз 1 341,4 млрд. теңгеге тең (4 036 млн. АҚШ долл.).

2017 жылғы операциялық көрсеткіштер[2]:

  • Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі ГкГ 3 %-ке 23 362 мың тоннаға дейін ұлғайды (тәулігіне 486 мың барр.[3]).
  • Табиғи және ілеспе газды өндіру ГкГ 8 %-ке 7 997 млн. м3 дейін өсті.
  • Мұнай тасымалдау көлемі ГкГ 3 %-ке 65 489 мың тоннаға дейін өсті. Газ тасымалдау көлемі ГкГ 15 %-ке өсіп, 100,9 млрд. м3 болды.
  • Қазақстандық зауыттардағы өңдеу көлемі ГкГ 3 %-ке 14 874 мың тоннаға дейін өсті. Оның ішінде ҚМГ ҰК таза үлесіне 12 173 мың тоннасы кіреді, ГкГ 3%.
  • KMG I-де (Петромидия) өңдеу көлемі 5 %-ке 5 662 мың тоннаға дейін өсті.

Корпоративтік оқиғалар мен есепті күннен кейінгі оқиғалар:

  • 2017 жылғы желтоқсанда ҚМГ ҰК мен «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК-дегі 50% акцияларды қайта сатып алуға арналған опционның орындалу мерзімі 2018-2020 жылдардан 2020-2022 жылдарға ауыстырылды.
  • 2017 жылғы қазанда Каспий Құбыр Консорциумы («КҚК») өткізу қуаттылығын кеңейту жобасының шеңберінде Қазақстанның аумағында жылына 53,7 млн. тоннаға дейін барлық жұмыстарды аяқтады.
  • 2017 жылғы қазанда «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚТГ») мен «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында қол қойылған Қытайға қазақстандық газдың жылына 5 млрд. м3 жеткізу туралы сату-сатып алу келісім-шартының шеңберінде экспортты бастады.    
  • 2017 жылы «Қазақстан-Қытай» және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырларының өнімділігі жылына тиісінше 52 және 10 млрд. м3 ұлғайтылды.
  • 2017 жылғы қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Қазақстанның аумағы арқылы Өзбекстанға жылына 5 млн. тоннаға дейін мұнай тасымалдауды және тиісті құбыр қуаттарын құруды көздейтін Негіздемелік келісімге қол қойылды.
  • 2017 жылғы сәуірде ҚМГ ҰК 2013 жылдан бері ТМД-да аса ірі болып табылатын 2,75 млрд. АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды шығаруды аяқтады.
  • 2017 жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту және қайта жаңарту аяқталды. 2017 жылғы маусымда Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту қайта жаңарту жобасының 1-кезеңі аяқталды. Шымкент МӨЗ жаңғырту жобасының өңдеу тереңдігі мен қуатын жылына 5,2 млн. тоннадан 6 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға бағытталған екінші фазасы 2018 жылы аяқталатын болады.

2017 жылғы қаржылық нәтижелер

2017 жылы түскен ақша 2 459 млрд. теңгені (7 542 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл   ГкГ-ден 32% жоғары. Өсуі Брент маркасының орташа бағасының 23,5% ГкГ ұлғаюына  және мұнайды және сұйылтылған газды жеткізудің ұзақ мерзімді шартын қоса алғанда, мұнайды сату көлемінің өсуіне  негізделген[4]. 2017 жылғы осы шарт бойынша сатудың сомасы 1 153 млрд. теңгені құрады (3 537 млн. АҚШ доллары)  (+68% ГкГ). Жеткізілімдер 2016 жылдың 2-тоқсанында басталды.

Сатудың өзіндік құны 52% ГкГ  2 380 млрд. теңгеге (7 300 млн. АҚШ доллары) дейін ұлғайды.  Өсуі 2016 жылы  463 млрд. теңгемен (1 353 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 1 080 млрд. теңге   (3 313 млн. АҚШ доллары) болған мұнайды  және сұйылтылған газды жеткізудің ұзақ мерзімді шартының шеңберінде Теңізшевройлдан («ТШО») сатып алынған мұнайдың құнымен түсіндіріледі, ол 2016 жылғы 685 млрд. теңгенің (2 100 млн. АҚШ доллары) орнына 2017 жылы 1 316 млрд. теңге (4 037 млн. АҚШ доллары) құрады. Тағы бір факторы ретінде Брент маркасының орташа құнының 23,5% ГкГ ұлғаюының нәтижесінде пайдалы қазбаларды өндіруге салық бойынша шығындардың 94 млрд теңгеге (287 млн. АҚШ доллары) 130% ГкГ дейін ұлғаюы болды.

ҚМГ ҰК операциялық залалы 2016 жылғы  25 млрд. теңге операциялық залалына қарсы  401 млрд. теңгені (1 230 млн. АҚШ доллары) құрады. KMG I сату процесінде болғандығынан және ҚМГ шоғырландырылған қаржы есептілігінде ХҚЕС стандарттарына сәйкес тоқтатылған қызмет ретінде жіктелетіндігіне байланысты, операциялық пайда  KMG I  мұнайы мен мұнай өнімдерін сату бойынша айналымдарды қоспайтынын атап өту керек. Дегенмен, KMG I трейдингі үшін мұнайды сатып алу бойынша шығыстардың бөлігі 2017 ж. 3-тоқсаннан бастап мұнайды сатып алу сызбасының өзгеруіне байланысты 280 млрд. теңге (858 млн. АҚШ доллары) сомасында ҚМГ ҰК операциялық пайдасының құрамында танылады. Нәтижесінде, ГкГ операциялық пайдасының төмендеуі байқалуда. Өз кезегінде  KMG I таза пайдасы ҚМГ ҰК шоғырландырылған пайдасында тоқтатылған қызметтен түскен пайда ретінде ескеріледі[5]

Қауымдастырылған компаниялар мен БК-нің таза пайдасындағы  ҚМГ ҰК-нің үлесі 53% ГкГ  өсті және  415 млрд. теңгені (1 272 млн. АҚШ доллары) құрады. Өсудің негізгі  факторы  болып 2017 жылы 96% ГкГ өскен ТШО пайдасының өсуі болды, ҚМГ ҰК үлесі 290 млрд. теңгені (890 млн. АҚШ доллары) құрады.

Бағам айырмашылығын қайта бағалаудан түскен кіріс  67 млрд. теңгені (206 млн. АҚШ доллары) құрады.

Компанияның таза пайдасы[6]  44% ГкГ өсті және 2016 360 млрд. теңгеге (1 053 млн. АҚШ доллары)  қарсы  520 млрд. теңгені (1 594 млн. АҚШ доллары) құрады.

Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша төлемдер  1 027 млрд. теңгені (3 150 млн. АҚШ доллары) құрады.

Күрделі шығындар  637 млрд. теңгені (1 917 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл  15% ГкГ жоғары. Олардың ішінен ақшалай күрделі шығындар  464 млрд. теңге (1 424 млн. АҚШ доллары).

2017  жылдың аяғында Компанияның таза қарызы  1 341.4 млрд. теңгені (4 036 млн. АҚШ долл.) құрады.

Ақша қаражаты мен олардың баламалары, оның ішінде депозиттер түріндегі ақша қаражаты 2 960 млрд. теңгені (8 908 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың аяғындағы жай-күйіне қарағанда  38 % жоғары.

2017 жылғы операциялық нәтижелер

Мұнай және газ конденсатын өндіру

2017 жылы ҚМГ ҰК компанияларының тобы бойынша мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 23 362 мың тонна мұнай болды, бұл ГкГ 3 % жоғары.

Үлесінің 57,9%-ті ҚМГ ҰК-ге тиесілі «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 11 876 мың тонна мұнай өндірді, бұл ГкГ 2% төмен. «Қазгермұнай» БК» ЖШС және «ПетроҚазақстан Инк» кен орындарында мұнай өндіру деңгейін табиғи төмендетуге байланысты қысқарту есебінен болды.

ТШО-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (20% үлес) 5 739 мың тонна мұнай болды, өсім – ГкГ 4 %. Өсу ЗВП/КТЛ/ЗСГ зауыттарының тұрақты және сенімді жұмыс істеуінің және жоспарлы күрделі жөндеуді табысты жүргізудің нәтижесінде болды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың өндіру көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі (50% үлес) 3 178 мың тонна мұнай болды, ГкГ 1 %-ке өсті.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) -ның өндіру көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі (8,44% үлес) 686 мың тонна мұнай болды. Өндіру 2016 жылдың қарашасында басталды.

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) -ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (10% үлес) 1 125 мың тонна мұнай болды, ГкГ +7 %. Өсу технологиялық қондырғылардың тұрақты және сенімді жұмыс істеуінің және жоспарлы күрделі жөндеуді табысты жүргізудің нәтижесінде, сонымен қатар графиктен бұрын жаңа өндіру ұңғымаларын іске қосуға байланысты болып отыр.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (50% үлес) 351 мың тонна мұнай болды, бұл ГкГ 8 % төмен. Өндірудің төмендеуі газ факторының көбеюіне және Қожасай газ өңдеу зауыты құрылысын бастау кейінге көшірілуіне байланысты болды.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 387 мың тонна мұнай өндірді немесе ГкГ 33 % артық. Есепті кезеңде мұнай өндірудің ұлғаюына әкелген қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралардың бағдарламасы әзірленді және орындалды.

Табиғи және ілеспе газды өндіру

2017 жылы табиғи және ілеспе газды шоғырландырылған өндіру 7 997 млн. м3 болды, бұл ГкГ 8 % артық.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 1 339 млн. м3 өндірді, бұл ГкГ 2 % артық.

ТШО-ның өндіру көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі (20% үлес) 3 171 млн. м3 болды, бұл ГкГ 5 % артық.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың өндіру көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі (50% үлес) 378 млн. м3,  ГкГ өзгеріссіз.

КПО өндіру көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі (10% үлес) 1 892 млн. м3, ГкГ  7 % артық. Өсу технологиялық қондырғылардың тұрақты және сенімді жұмыс істеуінің және жоспарлы күрделі жөндеуді табысты жүргізудің нәтижесінде, сонымен қатар графиктен бұрын жаңа өндіру ұңғымаларын іске қосуға байланысты болып отыр.

НКОК өндіру көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі (8,44% үлес) 397 млн. м3 болды. Өндіру 2016 жылдың қарашасында басталды.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ның өндіру көлеміндегі ҚМГ ҰК үлесі (50% үлес) 301 млн. м3, ГкГ 2 % аз.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 175 млн. м3  өндірді немесе ГкГ 6 % төмен.

«ҚазТрансГаз» АҚ («Амангелдігаз» ЖШС) табиғи газды 344 млн. м3 немесе ГкГ 5 % артық өндірді.

Мұнай мен газ тасымалдау

ҚМГ ҰК магистральдық құбырлары бойынша мұнай тасымалдау көлемі 58 538 мың тонна болды (ҚМГ ҰК үлесін есептегенде), бұл ГкГ 3 % артық.

«ҚазТрансГаз» АҚ мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау көлемі 46 293 мың тонна болды, бұл ГкГ 6 % артық.

ҚМГ ҰК АҚ-тың Қазақстан-Қытай құбырының («ҚҚҚ») тасымалдау көлеміндегі үлесі (50% үлес) 8 269 мың тонна мұнайды құрады, бұл ГкГ-дан  17%-ға  жоғары. ҚТО және ҚҚҚ мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюы ҚТО пен «Роснефть» ЖАҚ арасында қол қойылған 2017 жылы мұнай транзиті көлемін ұлғайту жөніндегі қосымша келісімнің нәтижесінде, сондай-ақ Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді ұлғайтудан болды.

Теңіз көлігімен мұнай тасымалдау 2% ГкГ 6 951 мың тоннаға дейін азайды. 

Есепті кезеңде ҚМГ ҰК магистральдық құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемі, 65,8 млрд. м3 (+13% ГкГ) мөлшеріндегі халықаралық газ транзитін қоса алғанда 15% ГкГ ұлғайды және  100,9 млрд. м3 болды. Магистральдық газ құбырлары газ тасымалдаудың жалпы көлемінің ұлғаюы газ өндірудің өсуіне және Қазақстанның ішкі нарығы үшін жеткізуге сұраныстың ұлғаюына байланысты болды, ал халықаралық транзиттің артуы «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбыры арқылы «Газпром» ААҚ газ ағынының ұлғаюына, сондай-ақ «Азия Газ құбыры» ЖШС магистральдық газ құбыры бойынша Орта Азия транзитінің ұлғаюына  негізделген.

Газ экспортының көлемі  34% ГкГ өсті және 17,7 млрд. м3 болды, газды ішкі тасымалдау көлемі 17,3 млрд. м3, ГкГ  5%-ға жоғары. Ұлғаю ішкі нарық үшін жеткізуге сұраныстың артуынан Шоғырлы-Шөмішті, Теңіз, Қашаған кен орындарынан газ тасымалдау көлемдерінің ұлғаюы, сондай-ақ ҚТГ мен PetroChina International Company Limited арасында қол қойылған экспорттық шартқа сәйкес 2017 жылғы қазаннан бастап ҚХР-ға қазақстандық газды сатуды бастау нәтижесінде болды.

Өңдеу және маркетинг

Қазақстандық зауыттарда 14 874 мың тонна шикі мұнай және нафта өңделді, бұл ГкГ 3 % артық. Оның ішінде ҚМГ ҰК таза үлесіне 12 173 мың тоннасы кіреді, ГкГ 3%, ол мыналарды қамтиды:

  • Атырау мұнай өңдеу зауытында 4 724 мың тонна, ГкГ 1 % кеміді
  • Павлодар мұнай-химия зауытында 4 747 мың тонна, ГкГ 3% өсті
  • Шымкент мұнай өңдеу зауытында өңдеу көлеміндегі ҚМГ ҰК 50% үлесі 2 343 мың тоннаға тең, бұл ГкГ 20% артық
  • «Caspi Bitum» зауытындағы өңдеу көлеміндегі ҚМГ ҰК 50% үлесі 359 мың тоннаға тең, бұл ГкГ 15 % артық

KMG I-дегі (Петромидия) өңдеу 5 662 мың тонна болды, бұл ГкГ 5 % артық.

Неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратты www.kmg.kz сайтында қарауға болады.

Байланыс деректері:          

ir@kmg.kz

тел: +7 7172 78 62 27

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) Қазақстанның жетекші тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ ҰК көмірсутегілерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдауға, өңдеу мен мамандандырылған қызметтерді көрсетуге дейін барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылды, еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүдделерін білдіреді.

[1] Сомалар тиісті кезең үшін орташа айырбастау бағамы үшін АҚШ долларында көрсетілген (2017 және 2016 жылдар үшін орташа бағамдар 326,0 және сәйкесінше 342,16 құрады; 2017 жылғы 31 желтоқсандағы және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы кезеңнің соңындағы бағамдар 332,33 және сәйкесінше 333,29 теңге/АҚШ доллары).

[2] Операциялық көрсеткіштер ҚМГ ҰК-нің үлесі ескеріліп көрсетілген. 

[3] Тек ақпараттық мақсатта  мұнай баррелі мен  бір тонна  газ конденсатының 7,6 қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Баррельдің іс жүзіндегі саны осында ұсынылған шикі мұнай баррелі баламаларынан құбылып отырады.  

[4] 2016 жылы Компания шикі мұнай мен сұйытылған газды жеткізуге арналған ұзақ мерзімді шарт жасасты. Шарттың талаптарына сәйкес Компания шарт жасалған сәттен бастап 2020 жылғы наурыз кезеңінде 30 миллион тоннаға және сәйкесінше 1 миллион тоннаға тең мұнай мен сұйытылған газдың  ең аз көлемін жеткізеді.  

[5] KMG International N.V акциясының 51 % сату аяқталғаннан кейін қалған 49 % ҚМГ ҰК жинақталған қаржылық есептілігінде үлестік қатысу әдісі қолданыла отырып жалғастырылған операция ретінде қарастырылатын болады.

[6] Таза пайда KMG International N.V таза пайдасын қамтиды, бұл шоғырландырылған қаржы есептілігінде тоқтатылған қызметтің бір түрі ретінде жіктелген. KMG International N.V. 51% акциясын сатуды аяқтағаннан кейін қалған 49% ҚМГ ҰК шоғырландырылған қаржы есептілігінде  жалғасып жатқан операциялар ретінде қатысу үлесінің әдісі пайдаланып ескеріледі

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>