Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-де жаңа Жер қойнауы туралы кодекстің негізгі жаңалықтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

22.02.2018

2018 жылғы 13 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құқықтық қамтамасыз ету блогы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Кодекстің негізгі жаңалықтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын.

Дөңгелек үстелге ҚМГ орталық аппаратының қызметкерлерімен қатар,  «KAZENERGY» қауымдастығының, «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-тың, «Самұрық-Қазына» АҚ-тың, «Olympex Advisers», «Avantgarde Group», «White & Case» сияқты заң фирмаларының өкілдері, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының бас директорлары, бас директорлардың орынбасарлары, заң қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Арнайы шақырту бойынша дөңгелек үстелдің жұмысына қолданыстағы Жер қойнауы туралы заңды әзірлеушілердің бірі, көрсетілген Заңға түсініктемелердің бірлескен авторы, заң ғылымдарының кандидаты Валентина Ивановна Лебедь қатысты.

Айта кетерлігі, дөңгелек үстелдің қатысушылары Кодексті әзірлеуге тікелей қатысқан мамандардың баяндамаларын тыңдап, олардан өз сұрақтарына білікті  жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.

Мәселен, «Olympex Advisers» басқарушы директоры Дияр Ерешев Кодекстің жалпы бөлігін сипаттап берді.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Заңғар Ноғайбай Кодекстің көмірсутектер бөлігіндегі негізгі жаңалықтарын атап өтті.

ҚМГ БӨ заң департаменті директорының орынбасары Елена Горохова кен орындарын игерудің салдарын жою тәртібін қамтамасыз ету мәселелеріне жеке тоқталып өтті.

ҚМГ салықтық бақылау және әдіснама департаментінің директоры Олжас Қуатбеков жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелеріндегі негізгі қосымшалар туралы айтты.

Бұдан басқа, ҚМГ операциялық қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, дөңгелек үстел модераторы Ілияс Ерназаров ұлттық компанияның көмірсутектер саласындағы мәселелерін сипаттап берді және қабылданған Кодекстің бүкіл ҚМГ компаниялар тобы үшін маңыздылығын атап өтіп, дөңгелек үстелдің қатысушыларына алғыс білдірді.

«KAZENERGY» қауымдастығына және Заңғар Ноғайбайдың өзіне жеке алғыс білдіре отырып, өткен жылы ҚМГ мен «KAZENERGY» қауымдастығының құқықтық мәселелер жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын, оның ережелерін нақты іске асыруды практикада көрсетіп жатқанын еске салды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>