Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Орталық коммуникациялар орталығында брифинг өткізді

04.03.2014

4 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Орталық коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Онда ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

Атап айтқанда, журналистердің жаңа төртінші МӨЗ туралы сұрақтарына жауап бере келе С. Мыңбаев жаңа мұнай өңдеу зауыты өнімін Оңтүстікке экспорттайтынын хабарлады.

«Қуаттылығы 5-6 млн. тоннадан кем болатын зауыт салу тиімсіз. Себебі ол экономикамен және зауыт масштабымен байланысты. Сондықтан да, ол зауыт өнімінің бір бөлігін экспорттауға тура келеді. Зауыт құрылысына 5-6 жыл уақыт кетеді», - деді ол.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» басшысы Қашаған кенішінің болашағы туралы  да өз ойын білдірді. «Мұнай өндірісі екінші жартыжылдықта жандануы ықтимал, бірақ әзірге нақты емес, сондықтан да басқа ешнәрсе айта алмаймын, тіпті өндіріс көлемі туралы да. Наурыз айында қорытынды жасалып, инвестициялық шешім қабылдағаннан кейін, өндіру мен шығынның көлемі анық болады»,- деді ол.

ҚМГ басшысы сондай-ақ компанияның даму және геологиялық барлау жоспарларына девальвацияның әсері туралы, мұнайшылар жалақысын индексациялау, ҚМГ жанармай станцияларындағы баға саясаты, шетелдердегі еншілес кәсіпорындардың қызметі туралы сұрақтарға да жауап берді.

Брифингке қырыққа жуық БАҚ өкілдері қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>