Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Батылдығы үшін марапатталатын болады

03.01.2018

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС 2017 жылдың 31 желтоқсанында 21 сағат 57 минутта Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Рощинский ауылдық округы, Белое селосында орналасқан Т58 май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалғанын  хабарлайды.

Күзетші мен кассирдің сөздеріне қарағанда, шабуыл жасаған маскадағы екеу кенеттен май құю бекетіне кіріп келген. Бірі күзетшіге, бірі кассирге тап берген. Күзетші өзіне шабуыл жасаған біреуді көшеге алып шығып, травматикалық қару қолданып, оны жаралаған. Одан соң ішке қайта кіріп, кассирді ұрып жатқан екінші шабуылдаушыны жуан таяқпен сабай бастаған. Соның нәтижесінде шабуылдаушылар май құю бекетінің территориясынан шығып, автотрасса бағытына қарай қаша жөнелген.

22 сағат 15 минутта полиция наряды келіп, оқиға болған жерді белгілеп, криминалистер тексеру жүргізіп, видео архиві алынды. Жедел іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.  

Құрбан болған ешкім жоқ, жәбір көрген кассир госпиталға жатудан бас тартты, май құю бекетіне зиян келтірілген жоқ. 

Батылдығы мен қайсарлығы үшін май құю бекетінің күзетшісі мен кассирі марапаттауға ұсынылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>