Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС мұнай өндіру бойынша жоспарды мерзімінен бұрын орындады

14.12.2017

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-тың (бұдан әрі - ҚТМ) кен орындарында нақты мұнай өндіру 2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша 357 210 тоннаны құрады, ал 2017 жылға арналған жоспар бойынша - 357 000 тонна. 2017 жылы мұнай өндірудің күтіліп отырған көлемі шамамен 386 мың тонна жоспарланған. ҚТМ-ның табысты өндірістік қызметі айтарлықтай ақша ағынын тудыруға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде өткен кезеңдер үшін 12 млрд тенге көлемінде дивидендтік төлемдерді жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2016 жылғы сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ–тың трансформациялау бағдарламасының шеңберінде ««ҚазМұнайГаз» (ӨБТ ҒЗИ) өндіру және бұрғылау технологиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-пен және ҚТМ-мен бірлесіп, оңтайлы геологиялық-техникалық іс-шараларды қолдана отырып, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-тың 2016 жылға арналған мұнай өндіруді өсіру және тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларының жоспарын әзірледі әрі енгізді. 2016 жылы мұнай өндірудің іске асырылған іс-шараларының қорытныдылары бойынша бастапқы жоспармен салыстырғанда мұнай өндіру  30% өсті, яғни 244,9 мың тоннадан 292 мың тоннаға дейін.

Геологиялық-техникалық іс-шараларды жүргізуге кеткен барлық шығындар 2016 жылы 1 354,5 млн. тенгені құрады. Бұл ретте, жоба 5 ай ішінде өзін-өзі өтеді. Мұнайдың қосымша көлемі есебінен алынған қосымша ақша ағыны 2016 жылы 2,1 млрд.теңгені құрады.

Анықтама: «Қазақтүрікмұнай» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ–тың 100% еншілес ұйымы болып табылады. Компания 6 кен орнын: Ақтөбе облысында Қаратөбе Оңтүстік және Лақтыбай және Маңғыстау облысында Батыс Елемес, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс және Солтүстік-Шығыс Сазтөбе кен орындарын игерумен айналысады. Компанияның пайдалану қоры 45 ұңғыманы құрайды, оның ішінде өндіруші қолданыстағы қоры – 34 ұңғыма.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>