Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің іске қосу жұмыстары жүргізілуде

15.12.2017

2017 жылдың 15 желтоқсанында үшінші жаңғыру кезеңінің аяқталуы аясында Атырау мұнай өңдеу зауытында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін іске қосу жұмыстары басталды. Шараға Атырау облысы әкімдігінің өкілдері және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басшылары мен мердігер мекемелер қатысты.

Ашылу рәсімінде «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин сөз сөйледі: «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені іске қосылған соң зауыттағы мұнай өңдеу көлемі жылына 5-тен 5,5 миллион тоннаға дейін артады, ал автокөлік жанармайын өңдеу жылына 1,7 миллион тоннаға дейін, дизель шығару 1,4 млн тоннаға дейін, авиакеросин болса 244 мың тоннаға дейін артады. Атырау мұнай өңдеу зауыты К4 және К5 (яғни Евро-4 және Евро-5) экологиялық классқа жататын мотор майларын шығарып мұнай өңдеу тереңдігін 84%-ға дейін ұлғайтады».

Атырау облысы әкімімінің бірінші орынбасары С.Е.Лұқпанов өз сөзінде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырудың стратегиялық маңызын атап өтті. Бұл батыс өңірі үшін ғана емес,  тұтас еліміз үшін маңызды жаңалық. Ел экономикасын және соның ішінде мұнайды өңдеу саласын жаңа деңгейге көтеруге ат салысады.

Каталитикалық крекинг қондырғысында алдын-ала жұмыс барысында зауыт қызметкерлері және Axens компаниясының лицензиялық фирмасының өкілдерімен бірлесіп, центрифугалық компрессорды сынап, цистерналарда тепе-теңдік катализаторын жүктеді және зауыттың әртүрлі бөліктерінде басқа жұмыстарды жүктеді.            Еске салайық, үстіміздегі жылдың маусым айында қуаты 20 МВт-тан астам каталитикалық крекинг қондырғысының пилоттық электр станциясы (осьтік компрессор) сынақтан өтті. Бұл агрегат өзінің өлшемімен және  Қазақстандағы энергиялық белсенділіктің бірегейлігімен ерекшеленеді.

Анықтама үшін:

«АМӨЗ-дегі мұнайды тереңірек өндіру кешенінің» жобасы Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан үшінші, зауыт жаңғыруының соңғы кезеңі.

МТӨК аясында 12 технологиялық құрылғы және 40-тан астам зауыт шаруашылығындағы обьектілер тұрғызылды. Құрлыс барысында 1000 дана ірі құрылғылар жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарына 4000 адам жұмылдырылды. МТӨК жүзеге асыру барысында 490 жаңа жұмыс орны ашылды. Басқарушы және өндіруші қызметтегі ұжымның басым бөлігі зауыттың резервтегі кадрларынан құрылды. МТӨК қызметкерлері еліміздегі және шетелдердегі мұнай өңдеу зауыттарында теориялық және тәжірибелік дайындықтан өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>