Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Павлодар МХЗ К4 экологиялық класты АИ-92 бензинінің бірінші партиясы алынды

13.11.2017

2017 жылғы 11 қарашада Павлодар мұнай-химия зауытынан 163 тонна К4 экологиялық класты АИ-92 бензинінің бірінші партиясы жөнелтілді және Алма-Ата – 2 теміржол станциясы алушыларына жіберілді. 

Отынның сапасы Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы  берген «Кеден одағының сәйкестік туралы декларациясымен» және «ПМХЗ» ЖШС зертханасымен аккредиттелген «АИ-92-К4» автомобиль бензиніне арналған өнім паспортымен» расталды. 

ПМХЗ-да жаңа өнімнің бірінші партиясын шығару «ПМХЗ» ЖШС қайта құру және жаңғырту» жобасының мотор отындарының сапасын Кеден одағы Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 және К5 экологиялық кластарына дейін жақсарту бойынша негізгі мақсатына қол жеткізу нәтижесі болып табылады.

Зауытты жаңғырту жобасының шеңберінде салынған жаңа жобалық қуаттар мен қондырғылардың іске қосылуына байланысты жоғары октанды бензиндер өндірісі жылына 1 081 мың тоннадан  1 492 мың тоннаға дейін (1,4 есе) ұлғаяды. Бұдан басқа Jet A1 халықаралық стандартты авиаотын өндірісі қамтамасыз етілетін болады.

Анықтама үшін:

«ПМХЗ» ЖШС жаңғырту жобасы 2009 жылы басталды (техникалық-экономикалық негіздемесін италяндық Eni S.p.A компаниясы әзірледі), 2011 жылғы қазанда ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК оң сараптамасы алынды. 2017 жылғы қазанда жаңғырту жобасы аяқталды.     

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>