Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент мұнай өңдеу зауыты қазан айында өндірістік рекордқа қол жеткізді

08.11.2017

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Шымкент мұнай өңдеу зауыты қазан айында 503 753 тонна мұнай өңдеді. Ал Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бізге қазан айына арнап бекіткен жоспарының көлемі 390 мың тонна болатын. Қазан айындағы жоспар 129,71%-ға артығымен орындалды. Мұндай көрсеткішке Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы рет қол жеткізіліп отыр.

2017 жылдың 10 айында зауытта барлығы 3 807 881 тонна шикізат өңделді, бұл белгіленген жоспардан 207 881 тоннаға артық.

Қазан айында 114 072 тонна К2 және К4 экологиялық класына жататын АИ-92 маркілі бензині өндірілді, ал белгіленген жоспар 56 727 тонна болатын.

Осылайша, Шымкент мұнай өңдеу зауыты нарықты қажетті мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша өзіне жүктелген міндеттерді артығымен орындауда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>